Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АҚ БИДАЙ-ТЕРМИНАЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

15 желтоқсанда аумақтық сайлауалды штаб мүшелерінің «Ақ бидай-терминал» АҚ терминалының қызметкерлерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірлік сайлауалды штабының мүшесі Римма Өтесбаева өз сайлаушыларын партияның рөлі мен міндеттері туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

«Маңғыстау облысының ауылшаруашылық саласында жаңа өндірістік қуаттарды салу маңызды. Атап айтқанда, 2023 жылға дейін қуаттылығы 15 мың тонна құрайтын жем зауытының, құс фабрикасының құрылысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданында 2025 жылға дейін сыйымдылығы 5 мың тонна болатын ірі қоймалар салу », - деді облыстық мәслихат депутатына кандидат Ақылбай Сапаров.

«Ақ бидай» кәсіпорнының жұмысшыларымен онлайн-кездесу кезінде облыстық штабтың мүшесі Иса Бимырзаев партия мүшелері біздің аймағымызда экономикалық дамудың тұрақтылығы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы үшін барлық күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында И.Бимырзаев сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

«АҚ БИДАЙ-ТЕРМИНАЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz