Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТЫ ҚОЛДАДЫ

Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің тәуелсіздік мерекесінде облыстағы өзге ұлт өкілдері Қазақстан Халықтар Ассамблеясының үлкен жиын залында басқосты.

Алдымен жиналғандар бір-бірін еліміздің ұлық мерекесімен құттықтап, жақсы тілектер тіледі.

Жиынның мақсаты – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға әзірлеген даму бағдарламасымен танысу, этнос өкілдерімен кері байланыс орнату, ұсыныс-пікірлерін білу.

Партияның сайлауалды бағдарламасы жөнінде облыстық мәслихат депутатына үміткер Людмила Меңдіғалиева толық таныстырып өтті. Әр өңірге жеке әзірленген бағдарламаның маңызды бөліктеріне тоқталып, әңгіме барысында білім саласындағы басымдықтарға кеңінен көңіл бөлді. 5 жылда республика көлемінде 800 жаңа мектеп салу және аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектепті жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде 20 жаңа мектеп облыс көлемінде бой көтермек. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі біліммен қамту көзделген.

- Биылғы жыл жалпы әлем елдері үшін оңай болмады. Әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, бүгінгі күнге дейін карантин шаралары жалғасып келеді. Негізгі күш денсаулық саласының қызметкерлерімен бірге білім саласы, педагогтарға да қатар түсті. Оқушылар онлайн оқуға көшкенде алдын ала не оқушыда, не мұғалімде дайындық болмады. Алайда бұл жағдай барлық саладағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға үйретті. Цифрландыру саясатын енгізу қарқынды жүзеге асты, - деді Л.Меңдіғалиева.

Сонымен қатар шара барысында облыстық сайлауалды штаб мүшесі, «Дагистан» дағыстан халқының мәдени орталығы төрағасы Юсуп Шахшаев пен «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденоваға сөз берілді. Олар мерекемен құттықтап, партияның үлесі жөнінде айтып өтті. Жиналғандардан мектептегі оқу бағдарламасы, камқоршылық кеңес бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Курбанали Газибеков, «АЛА-ТОО» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

- Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Ауызбіршілігіміз, ынтымағымыз нығай берсін. Бүгінгі кездесуде партияның алдағы мақсатты жұмысымен толықтай таныстық, білім саласындағы жақсы жаңалықтарға қанық болдық. Мұғалімдердің мәртебесі артып, жалақысы көтеріліп, жастар осы салада қызмет етуге қызығушылығы артады деген сенімдемін. Партияның басым бағыттарын қолдаймын.

0
0
115

Еще по теме

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТЫ ҚОЛДАДЫ - Yvision.kz