Шардара ауданында «Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат «Хамит» АШӨК төрағасы Бақытжан Серманизов Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелді және Достық ауылдық округтерінде сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып өтті.
–Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 500-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;
жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 5 азаматқа грант ұсынуға;
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200-ге жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға;
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын жаңа 7 жобаларды несиелендіруге ықпал етеді.
Осы шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 71%-ға жеткіземіз.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200-ге жуық азамат стартап грант пен несие алады, шағын және орта бизнестің үлесі 12%-ға артады,-деді Б.Серманизов өз сөзінде.
Сонымен бірге үміткер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.