Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ШАРДАРА: КАНДИДАТТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Шардара ауданында «Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат «Хамит» АШӨК төрағасы Бақытжан Серманизов Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелді және Достық ауылдық округтерінде сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесу өткізді.

Тұрғындармен кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып өтті.

–Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 500-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;

 жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 5 азаматқа грант ұсынуға;

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200-ге жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға;

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын жаңа 7 жобаларды несиелендіруге ықпал етеді.

Осы шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 71%-ға жеткіземіз.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200-ге жуық азамат стартап грант пен несие алады, шағын және орта бизнестің үлесі 12%-ға артады,-деді Б.Серманизов өз сөзінде.

Сонымен бірге үміткер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
179

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ШАРДАРА: КАНДИДАТТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz