Перейти к содержимому

Новое

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА 27 МЫҢ ӨТІНІШ ТҮСКЕН

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне  2016-2020 жылдар аралығында 127,2 мың өтініш келіп түскен.  Соның  басым бөлігі оң шешіліп, қалғандарына консультативтік көмек көрсетілген. Ал 2020 жылдың басынан бері «Nur  Otan»  партиясы Түркістан облыстық филалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 27 мың өтініш келген. Бұл 2019 жылдың осы  кезеңімен салыстырғанда 4  есе көп. Өтініштерді қабылдау саны бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.

Қарау нәтижелері бойынша арыз-шағымдардың 16,3 мыңы яғни, 62 пайызы оңтайлы шешілген. Ал 10 мың өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, бүгінде оның 111-і  қаралу үстінде. Халықтан келіп түскен 26,4 мың арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің мазалайтындығын анықталды.

Өтініштердің 61 пайызы қаржылық көмек және «BIRGEMIZ» қоры арқылы ақша мен азық-түлік себеттеріне байланысты келіп түсіпті. Оның ішінде 12 пайызы  праймеризге қатысты сауалдар, 9 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаждық, 2 пайызы тұрғын үй-коммуналдық және 2 пайызы жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселесіне қатысты жолданған. Ал 14 пайызы – денсаулық сақтау, білім беру, халықты тіркеу және құжаттандыру, кәсіпкерлікті қолдауға қатысты шағымдар.

Арыз-өтініштердің басым бөлігі яғни,  6800-і  облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен.  2100-і Сарыағаш аудандық,  2 мыңы  Жетісай аудандық,  1900-і  Түлкібас аудандық филиалдарына жолданған. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі немесе 9,4 мыңы (35,5%) көпбалалы және толық емес отбасылар болса,   1,8 мыңы (7 %) – жұмыссыздар, 6 мыңы (6%) ерекше қажеттіліктері бар адамдар,  459 - ы (2%) зейнеткерлер.

Коронавирус індетінің таралуының алдын алуға байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы онлайн-режимге ауыстырылған болатын. Биыл 13 наурыздан бері   23,6 мың  азамат өтініш білдірсе,  оның ішінде әлеуметтік желілер (Facebook және Instagram) арқылы 4,2 мың, whatsapp мессенджері арқылы 5,4 мың өтініш келген. Ал Түркістан облыстық, аумақтық партия филиалдарына жедел желі телефондарына 14 мыңнан астам қоңыраулар келіп түскен.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдары, департамент, басқарма, құқық қорғау органдары басшылары облыстық, аумақтық партия филиалдары арқылы 38 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, онда 136 азаматтың арыз-өтініштері қаралған.

2020 жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпан аралығында барлық басқарма басшыларының қатысуымен тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша «Ашық есік» күні қоғамдық қабылдау күндері өткізіліп, 150-ден астам облыс тұрғыны өтініштерін білдірген. Келіп түскен өтініштердің 67 (45%) тиімді шешіліп, 83-не заң аясында кеңес берілді.

2020 жылдың 13 наурызынан 20 қазанына дейінгі аралықта әкім, әкім орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 552 онлайн қоғамдық қабылдау өткізді. Тікелей эфир барысында партия филиалының ресми фейсбук, инстаграмм парақшалары мен аккаунтында өңір тұрғындарынан (сұрақтар, пікірлер мен алғыстарды қоспағанда) 930 арыз-өтініштер келіп түсіп, қабылдау барысында 296 арыз-өтініш оңтайлы шешілген.

Соңғы 5 жылда облысымызда партия филиалының ұйымдастыруымен 22,1 мың қоғамдық қабылдау өткізіліп, 43400 азаматтың мәселесі қаралған. Оның 262-сін ҚР Парламенті мәжілісінің, 5900-ін маслихат депутаттары, 15900-ін жергілікті атқарушы орган басшылары өткізген.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 17 қоғамдық қабылдау бөлмелері қызмет етеді.

«Nur  Otan»  партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметі

0
0
206

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 10 ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫН АШУ ЖОСПАРДА

Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыра келе, бағдарламаның негізгі төрт басымдығына тоқталдым. Соның бірі: Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Еліміздің әрбір азаматы қандай кәсіп ашамын десе өз еркі. Ол үшін Үкіметтің бекіткен мемлекеттік бағдарламалары бар. Ал, сол бағдарламалардың орындалуын тікелей партия өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, ұсынылып отырған сайлауалды бағдарламада осыны көздеп отырғанын айттық.

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: Тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; 3. Қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; 4. Қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 3 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 7 жоба, 2024 жылы 10 жоба, 2025 жылы 12 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға; «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны несиелендіруге; Ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады. Кездесу соңында, ұжымның ұсыныс піркірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырдық.

0
0
217

Акция «Задай вопрос кандидату»

Акция «Задай вопрос кандидату» состоялась 22 декабря в Айыртауском районе. Мероприятие проходило при участии кандидата в депутаты в районный маслихата Абулкаировой Гульмиры Армиевны в онлайн-формате.

0
0
130

ҮМІТКЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ZOOM-мен БАЙЛАНЫСТЫ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып, алдағы науқанда белсенділік танытып, сайлаушылар тарапынан  жолардың жөндеуді қажет ететіндігі туралы қойылған тиісті сұрақтарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. Жалпы ауданда республикалық маңызы бар 50,4 шақырым, облыстық маңызы бар 241,9 шақырым, аудандық маңызы бар 109,9 шақырым автомобиль жолдары бар. Елді мекендердің ішкі жолдары 984,2 шақырым. «Nur Otan» партиясы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу мәселелерін шешеді. Біздің міндетіміз – 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 88,2%-дан (96,9 ш.қ.) 96,4%-ға (105,9 ш.қ.) дейін жеткізу. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-51 разьезд елді мекеніне кірме жол» автомобиль жолының 2,95 шақырымын күрделі жөндеу және «КХ-55 – Шайхана елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолдарын 0,63 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2022 жылға А-15 республикалық автомобиль жолынан «Қапланбек» кеден бекетіне дейін ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолдардың құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін шешуге; 2023 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-Дарбаза-Тасқұдық-Сарысу», автомобиль жолдарының 8,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға; 2024 жылға аудандық маңызы бар «Дарбаза-Ердәуіт» 4,0 шақырым, «Құрсай елді мекеніне кіреберіс жол» 4,6 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; Жалпы ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі ішкі көшелерді 2021-2025 жылдары аралығында 251 көшенің 176 шақырымына (Ақжар ауылдық округі, Жылға, Береке, Құрсай ауылдары) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Атап айтқанда:

2021 жылға Сарыағаш ауданының 11 ауылдық округтеріне қарасты 17 елді мекендердегі 41 көшенің 28,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2022 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 20 елді мекендердегі 45 көшенің 31,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2023 жылға Сарыағаш ауданының 12 ауылдық округтеріне қарасты 25 елді мекендердегі 52 көшенің 36,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2024 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 18 елді мекендердегі 55 көшенің 38,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2025 жылға Сарыағаш ауданының 8 ауылдық округтеріне қарасты 22 елді мекендердегі 58 көшенің 41,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 96,4%-ға дейін артады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
280

Агитационная встреча кандидатов с населением Сырымбетского сельского округа.

Агитационная встреча кандидатов в депутаты районный маслихат Кулбаева Уалихана Кайроллиновича и Олжабаевой Мендигуль Олжабаевны с населением Сырымбетского сельского округа для разъяснения предвыборной программы партии «Nur Otan» по Айыртаускому району.

0
0
182

Провёл агитационную работу в рамках акции «От двери к двери»

В качестве кандидата в депутаты городского маслихата от партии «Nur Otan» провёл агитационную работу в рамках акции «От двери к двери». Жители активно интересуются предвыборной программой и дают наказы о том, что они хотели бы видеть от партии в краткосрочной и среднесрочной перспективе. Преимущественно население беспокоят вопросы безопасности городской среды, а также вопросы риска сокращения рабочих мест в связи с возникшей пандемией COVID-19. Отрадно, что население готово поддержать партию на предстоящих выборах и придти 10 января на избирательные участки.

0
0
134

Встреча с населением

Сегодня 22.12.2020 года Уланского района п.Касым Кайсенова в зданий Районного Дома Культуры, прошла встреча Уланского районного штаба, доверенных лиц кандидатов с общественностью и трудовыми коллективами, присутствовали НПО, работники КСК «Жемчужина» и «Молодежное», работники образования и другие бюджетные организации, на встрече были разъяснены предвыборная программа партии «Nur Otan», какая проводится работа в настоящее время, обсуждались проблемные вопросы и предложения.

0
0
140

Дебаты: четкие позиции и перекрестные вопросы

Дебаты прошли на высоком организационном уровне. Три тура и строгий регламент по полторы минуты на представление генеральных линий на предстоящий период работы требовали от выступающих и краткости, и красноречия одновременно. Справились ли представители политических партий с этой задачей и насколько хорошо — покажут выборы.

Первый тур — вводный. Здесь и представилась возможность обрисовать видение перспектив экономического развития страны представителям каждой партии, согласно предвыборным программам. Регламент гарантировал равные возможности каждому кандидату.

Во втором туре — перекрестные вопросы между оппонентами по предложенным модераторами темам. Одна из них касалась социального блока, если точнее, — обязательного социального медицинского страхования. На формулировку вопроса — не более двадцати секунд, на ответ оппонентам — все те же девяносто секунд.

К слову, дебаты кандидатов в депутаты маслихатов проводятся в Казахстане впервые. В течение всего срока предвыборной агитации, согласно Закону РК «О выборах», кандидаты имеют право публиковаться в прессе, выступать в телевизионном эфире, проводить встречи с избирателями. Однако наибольший интерес среди всех мероприятий предвыборной гонки вызывают у большинства населения именно предвыборные дебаты в прямом эфире, когда электорат получает возможность объективно оценить того или иного претендента на место на том или ином уровне законодательной власти.

Ренат ШАГАЛАЕВ.

http://apgazeta.kz/2020/12/21/debaty-chetkie-poziczii-i-perekrestnye-voprosy/?fbclid=IwAR3oNGgI4gLxXAhwCN2FDh2zooGcDmud36uhBFnX0KPK8Cp-pSxQgaeCb-U

0
0
105