Перейти к содержимому

Новое

Акции «От двери к двери»кандидата в депутаты областного маслихата

Кандидат в депутаты областного маслихата К.Кашаев принял участие в акции «От двери к двери».

При проведении подомовой агитации населения кандидат рассказывал жителям района о предстоящих задачах Уалихановского районного филиала партии на ближайшие пять лет, призвав избирателей отдать свои голоса за партию «Nur Otan» 10 января 2021 года.

0
0
120

Экспромт-встреча в торговом доме «Ару»

Экспромт-встреча прошла в торговом доме «Ару». Кандидаты-нуротановцы К.Кашаев, Ж.Жайшиков и Е.Абишев ознакомили участников мероприятия с семью приоритетными направлениями предвыборной программы Уалихановского районного филиала партии «Nur Otan».

В ходе встречи жители района активно задавали вопросы, каждый из них получил развёрнутый ответ, некоторые взяты на особый контроль кандидатов в виде наказов.

0
0
197

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды. "Есіктен есікке" акциясы аясында " Nur Otan" партиясының алдағы 5- жылдық сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты  басымдық бойынша  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кездесу өткізілді.

"Елдің әлеуметтік жағдайы күннен-күнге жақсарып жатыр. Болашаққа күдікпен емес, үлкен үмітпен қарауымыз да бүгінгі сарабдал саясаттың жемісі" деген Шымкент қаласының тұрғындары алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өткізілетін сайлауға  қатысуға шақырып,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

Біз Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенеміз деген тілек білдірді!

0
0
153

ҮМІТКЕРЛЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

"Nur Otan " партиясының Түлкібас аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бүгінгі күнге  аудандық мәслихаттағы депутаттығына кандидаттыққа үміткерлер Айдарбеков Асқар, Ақылбаева Жансулу қабылдау өткізді. Сонымен қатар, партияның сенімді өкілдері кестеге сәйкес кезекті азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында әлеуметтік сала, жер мәселесі,  білім саласы бойыншаауызша өтініштер түсті.Қазақстан Республикасы Заңнамасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
141

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткердің бірі, "Түлкібас Транс Сервис" ЖШС директоры – Асан Мадияр Асхатұлы Жаскешу ауылының тұрғыны, сауда саттық жолында халықа қызмет көрсетіп жүрген жеке кәсіпкердің үйінде қонақта болды. Жеке кәсіпкер өз тарапынан кәсіпкерлікті дамыту саласында қолдау білдіріп келе жатқан мемлекетке алғысын білдірді. Кандидат Мадияр Асхатұлы Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сайлауалды бағдарлама 5 жылға арнап құрылған және онда ауданды дамытудың 7 басым бағыттарыны көзделген. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Сайлауалды бағдарламада кәсіпкерлік саласы да қалыс қалмаған.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауданадағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 3 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 2 азаматқа грант ұсынуға;

 жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 2 жоба, 2022 жылы 3 жоба, 2023 жылы 4 жоба, 2024 жылы 5 жоба, 2025 жылы 6 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;

 «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 8 жоба, 2022 жылы 9 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 11 жоба, 2025 жылы 12 жобаны іске асыруға;

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматтарға 15 стартап гранттар мен 33 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);

 мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;

 «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 350 жобаны несиелендіруге;

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2012 жылы 12 жоба, 2022 жылы 14 жоба, 2023 жылы 16 жоба, 2024 жылы 18 жоба, 2025 жылы 20 жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен (құрал жабдық, азық-түлік және т.б.) қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға;

 ауданның жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 37,5%-дан 2025 жылы 40,0%-ға, 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер үлесін 98,0%-ға арттырып, жұмыскерлер санын 18,1 мыңға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлер үлесі 98,0%-ға артып, өндірілген өнім көлемі 2,1 есеге өседі, яғни 80,7 млрд. теңгеге, ал ондағы жұмыскерлер саны 18,1 мыңға жетеді. Қонақ сайлауалды бағдарламамен таныстыру соңында жеке кәсіпкерді отбасымен 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға бірауыздан дауыс беруге шақырды.

0
0
325

ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРДА

Бүгін «Майлыкент Агро» ЖШС төрағасы – Жабатаев Берік Қамысбекұлы «facebook» әлеуметтік парақшасында Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың  7 басым бағыттарының ішіндегі ауылшаруашылық саласы, туризм, аудан тұрғындарын жол және таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағыттарына тоқталды.

Ауылшаруашылық қайта өңдеу зауыттарының ашылуы және сауданың дамуы 2020 жылы тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа), яғни 17,1 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт, 17,1 млн. дана жұмыртқамен қамтамасыз етеді. 2025 жылға жаңа 1580 жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтың деңгейін 4,9%-ға төмендету жоспарланды. 2019 жылы ауданымыздың орташа айлық жалақысы 117 149 теңгені құрады, 2025 жылға 2 есеге жеткізуді жоспарланып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 мал шаруашылығының дамуына мүйізді ірі қара малдарды 50,0 мың басқа дейін (01.01.2020 жылы 48,3 мың бас) жеткізуге;

 2025 жылға дейін 4 малшаруашылығы базасын ауылдық округтерде (Майлыкент, Жабағылы, Ақбиік, Азаттық) салуға;

 инфрақұрылым сақтау бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін 5 жыл ішінде дамыту үшін Шақпақ ауылдық округінде 1 көкөніс қоймасын салу мен жаңартуға;

 мемлекеттік бағдарламалар жоспары бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 265 бас, «Құлан» бағдарламасымен 112 бас, «Алтын асық» бағдарламасымен 1200 бас сатып алу.

 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 4 өңдеуші кәсіпорын ашу, оның екеуі сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны, екеуі көкөністі қайта өңдеу кәсіпорыны болмақ;

 өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 5,0%-дан астамын кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерге тартуға ықпал етеді.

 Нәтижесінде 2025 жылға дейін ауылшаруашылық өнімінің көлемі 1,7 есеге артып, 76,1 млрд. теңгені құрайды, орташа айлық жалақысы 234 298 теңгеге жеткізіліп, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендейді.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әр аймақ өмірінің басты артериясы.

«Nur Otan» партиясының мақсаты – жолдардың сапасын жақсарту және жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін арттырып, 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 57,3%-дан 70,5%-ға, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 67,8%-дан 80,2%-ға жеткізу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

• 10,15 шақырымдық аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

• 15 ауылдық округтің (Ақбиік, Арыс, Балықты, Майлыкент, Мичурин, Жабағылы, Тастұмсық, Түлкібас, Састөбе, Кемербастау, Рысқұлов, Машат, Келтемашат, Жаскешу, Шакпак) 23 елді мекеніндегі 36,4 шақырымдық жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

• «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Түлкібас және Састөбе кенті округтеріндегі 26,0 шақырымдық жолдарына орташа және күрделі жөндеу жүргізуге;

• Шақпақ ауылы Шүкіров көшесіне 1,3 шақырымдық газ құбырын тартуға, Машат пен Ақбиік ауылдарындағы Жастар, Ынтымақ, Бірлік көшелеріне, Жабағылы ауылындағы Талдыбұлақ, Батылдық, Көрікті көшелеріне, Абайыл ауылындағы Қасымбеков көшесіне, Жаскешу ауылындағы Оңалбеков пен Наурыз көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2021-2023 жылдары орташа жөндеуден өткізуге, Тұрар Рысқұлов ауылының 12,7 шақырымдық көшелеріне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2025 жылғы «Ауылым – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 70,5%-ға, елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 80,2%-ға жетеді.

Таза ауыз сумен қамтимыз

Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 59 елді мекен ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген (99,8%, 112 210 адам). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 927,4 шақырымды құрайды.

3 елді мекенде (Балықты 218,2 млн. теңге, Азаттық 467,1 млн. теңге, Шақпақ 477,7 млн. теңге) ауыз су жүйесін қайта құруға жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) жасалынып, құрылысы жүргізіледі.

Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 99,9 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2 шағын елді мекенге (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 99,9% қамтамасыз етіледі.

Осы көрсетілген Сайлауалды бағдарламадағы мәселелер толығымен 2025 жылға дейін толық жүзеге асырылатындығын айтып, аудан тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беруге шақырды.

0
0
143

Экспромт-встреча кандидата в депутаты областного маслихата К.Кашаева с избирателями

В Центре обслуживания населения прошла экспромт-встреча кандидата в депутаты областного маслихата К.Кашаева с избирателями.⁣⁣⠀

⠀ В своём выступлении он ознакомил присутствующих с семью приоритетными направлениями предвыборной программы Уалихановского районного филиала партии «Nur Otan». Реализация предвыборной программы позволит улучшить качество жизни и благосостояние жителей района.⁣⁣⠀

⠀ Программа нацелена на решение ключевых проблем района, среди которых ремонт дорог, качественное водоснабжение, создание новых рабочих мест, поддержка предпринимателей и тд.⁣⁣⠀

⠀ Также, во встрече приняли участие кандидаты в депутаты районного маслихата Ж.Жайшиков и Е.Абишев.

0
0
109

КОЛЛЕДЖ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түлкібас ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Д.Абишевтің қатысуымен «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» студенттерімен кездесу өткізіліп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда қолдап дауыс беру бойынша үгіт насихат жұмысы жүргізілді.

0
0
134

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ.

Үміткер - А.Омаров "Мичурин Алма Экспорт" ЖШС ұжымымен агитациялық-кездесуін өткізді. Кездесу барысында партия Сайлауалды бағдарламасындағы 7 қағидаттың бірі - әлеуметтік бағдарланған аудан бойынша бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау жөніндегі мәселелер айтылды.

Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз

«Nur Otan» партиясы алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылы ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 85%-ға жеткізуді және денешынықтырумен, спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 42%-ға жеткізуді көздейді.

Бұл үшін :

 2021-2025 жылдары Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылындағы спорт ғимаратына қосымша күрес, бокс залдарының құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2022-2025 жылдары Кемербастау ауылдық округі, Жәрімбетов ауылындағы спорт кешеніне қосымша спорт зал ғимаратын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2023-2025 жылдары Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылынан Жанкент спорт кешеніне қосымша спорт зал мен жүзу бассейіні бар кешен құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2024-2025 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында барлық ауылдық округтерден кіші футболға арналған ангарлар салуға;

 Рысқұлов ауылындағы 150 орындық ипподром құрылысына 189,8 млн. теңгеге жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) әзірлеп, құрылысын салуға;

 ұлттық спортты дамытуға (250 аудандық, 50 облыстық, 3 республикалық түрлі іс-шаралар өткізуге. Ұлттық спорт түрлерін: қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық және ауыр атлетика, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо т.б);

 ауданда денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 30%-дан 42%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі 85%-ға, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтар үлесі 42%-ға жетеді.

"Мичурин Алма Экспорт" ЖШС төрағасы - Үсенбеков Қалымхан Әбдірасылұлы болып табылады. Алма — ауданның негізгі бренді. Осы мақсатта Қалмахан Әбдірәсілұлы алма бау, жүзім, алмұрт жемістерін егіп, аталған зауытқа өткізіп шырынды өнімдер өндіруде. Түркия елінің мамандарымен бірлесе отырып, кезінде алманың тұқымбағы (питомник) өсіріп аудан тұрғындарын алмамен қамтамасыз етті. Майтөбе, Жаңаталап ауылдарының әлеуметтік жағдайына қол ұшын беріп,  тұрақты көмек беруде. Халық қалаулысы ретінде ауданда өткізілген барлық қайырымдылық шараларға қолдау көрсетуде.   Осындай игілігі жолындағы өнегелі еңбектің арқасында кешегі өткен «Nur Otan» партияішілік сайлауында көшбасшы партияның белді де беделді мүшесі Қалмахан Әбдірәсілұлы ағамыз жоғары дауыс жинап, халық ықыласына бөленіп отыр.

0
0
162

Онлайн-встреча с.Актуесай

В селе Актуесай посредством приложения Zoom прошла онлайн-встреча со сторонниками партии по разъяснению предвыборной программы партии «Nur Otan».

Конференцию провёл кандидат в депутаты районного маслихата Е.Искаков.

0
0
129