Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ.

Үміткер - А.Омаров "Мичурин Алма Экспорт" ЖШС ұжымымен агитациялық-кездесуін өткізді. Кездесу барысында партия Сайлауалды бағдарламасындағы 7 қағидаттың бірі - әлеуметтік бағдарланған аудан бойынша бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау жөніндегі мәселелер айтылды.

Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз

«Nur Otan» партиясы алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылы ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 85%-ға жеткізуді және денешынықтырумен, спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 42%-ға жеткізуді көздейді.

Бұл үшін :

 2021-2025 жылдары Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылындағы спорт ғимаратына қосымша күрес, бокс залдарының құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2022-2025 жылдары Кемербастау ауылдық округі, Жәрімбетов ауылындағы спорт кешеніне қосымша спорт зал ғимаратын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2023-2025 жылдары Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылынан Жанкент спорт кешеніне қосымша спорт зал мен жүзу бассейіні бар кешен құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жүргізуге;

 2024-2025 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында барлық ауылдық округтерден кіші футболға арналған ангарлар салуға;

 Рысқұлов ауылындағы 150 орындық ипподром құрылысына 189,8 млн. теңгеге жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) әзірлеп, құрылысын салуға;

 ұлттық спортты дамытуға (250 аудандық, 50 облыстық, 3 республикалық түрлі іс-шаралар өткізуге. Ұлттық спорт түрлерін: қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық және ауыр атлетика, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо т.б);

 ауданда денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 30%-дан 42%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі 85%-ға, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтар үлесі 42%-ға жетеді.

"Мичурин Алма Экспорт" ЖШС төрағасы - Үсенбеков Қалымхан Әбдірасылұлы болып табылады. Алма — ауданның негізгі бренді. Осы мақсатта Қалмахан Әбдірәсілұлы алма бау, жүзім, алмұрт жемістерін егіп, аталған зауытқа өткізіп шырынды өнімдер өндіруде. Түркия елінің мамандарымен бірлесе отырып, кезінде алманың тұқымбағы (питомник) өсіріп аудан тұрғындарын алмамен қамтамасыз етті. Майтөбе, Жаңаталап ауылдарының әлеуметтік жағдайына қол ұшын беріп, тұрақты көмек беруде. Халық қалаулысы ретінде ауданда өткізілген барлық қайырымдылық шараларға қолдау көрсетуде. Осындай игілігі жолындағы өнегелі еңбектің арқасында кешегі өткен «Nur Otan» партияішілік сайлауында көшбасшы партияның белді де беделді мүшесі Қалмахан Әбдірәсілұлы ағамыз жоғары дауыс жинап, халық ықыласына бөленіп отыр.

0
0
133

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ. - Yvision.kz