Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРДА

Бүгін «Майлыкент Агро» ЖШС төрағасы – Жабатаев Берік Қамысбекұлы «facebook» әлеуметтік парақшасында Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының ішіндегі ауылшаруашылық саласы, туризм, аудан тұрғындарын жол және таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағыттарына тоқталды.

Ауылшаруашылық қайта өңдеу зауыттарының ашылуы және сауданың дамуы 2020 жылы тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа), яғни 17,1 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт, 17,1 млн. дана жұмыртқамен қамтамасыз етеді. 2025 жылға жаңа 1580 жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтың деңгейін 4,9%-ға төмендету жоспарланды. 2019 жылы ауданымыздың орташа айлық жалақысы 117 149 теңгені құрады, 2025 жылға 2 есеге жеткізуді жоспарланып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 мал шаруашылығының дамуына мүйізді ірі қара малдарды 50,0 мың басқа дейін (01.01.2020 жылы 48,3 мың бас) жеткізуге;

 2025 жылға дейін 4 малшаруашылығы базасын ауылдық округтерде (Майлыкент, Жабағылы, Ақбиік, Азаттық) салуға;

 инфрақұрылым сақтау бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін 5 жыл ішінде дамыту үшін Шақпақ ауылдық округінде 1 көкөніс қоймасын салу мен жаңартуға;

 мемлекеттік бағдарламалар жоспары бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 265 бас, «Құлан» бағдарламасымен 112 бас, «Алтын асық» бағдарламасымен 1200 бас сатып алу.

 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 4 өңдеуші кәсіпорын ашу, оның екеуі сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны, екеуі көкөністі қайта өңдеу кәсіпорыны болмақ;

 өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 5,0%-дан астамын кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерге тартуға ықпал етеді.

 Нәтижесінде 2025 жылға дейін ауылшаруашылық өнімінің көлемі 1,7 есеге артып, 76,1 млрд. теңгені құрайды, орташа айлық жалақысы 234 298 теңгеге жеткізіліп, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендейді.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әр аймақ өмірінің басты артериясы.

«Nur Otan» партиясының мақсаты – жолдардың сапасын жақсарту және жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін арттырып, 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 57,3%-дан 70,5%-ға, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 67,8%-дан 80,2%-ға жеткізу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

• 10,15 шақырымдық аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

• 15 ауылдық округтің (Ақбиік, Арыс, Балықты, Майлыкент, Мичурин, Жабағылы, Тастұмсық, Түлкібас, Састөбе, Кемербастау, Рысқұлов, Машат, Келтемашат, Жаскешу, Шакпак) 23 елді мекеніндегі 36,4 шақырымдық жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

• «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Түлкібас және Састөбе кенті округтеріндегі 26,0 шақырымдық жолдарына орташа және күрделі жөндеу жүргізуге;

• Шақпақ ауылы Шүкіров көшесіне 1,3 шақырымдық газ құбырын тартуға, Машат пен Ақбиік ауылдарындағы Жастар, Ынтымақ, Бірлік көшелеріне, Жабағылы ауылындағы Талдыбұлақ, Батылдық, Көрікті көшелеріне, Абайыл ауылындағы Қасымбеков көшесіне, Жаскешу ауылындағы Оңалбеков пен Наурыз көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2021-2023 жылдары орташа жөндеуден өткізуге, Тұрар Рысқұлов ауылының 12,7 шақырымдық көшелеріне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2025 жылғы «Ауылым – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 70,5%-ға, елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 80,2%-ға жетеді.

Таза ауыз сумен қамтимыз

Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 59 елді мекен ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген (99,8%, 112 210 адам). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 927,4 шақырымды құрайды.

3 елді мекенде (Балықты 218,2 млн. теңге, Азаттық 467,1 млн. теңге, Шақпақ 477,7 млн. теңге) ауыз су жүйесін қайта құруға жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) жасалынып, құрылысы жүргізіледі.

Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 99,9 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2 шағын елді мекенге (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 99,9% қамтамасыз етіледі.

Осы көрсетілген Сайлауалды бағдарламадағы мәселелер толығымен 2025 жылға дейін толық жүзеге асырылатындығын айтып, аудан тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беруге шақырды.

0
0
103

Еще по теме

ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРДА - Yvision.kz