ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Елдің саяси өмірінде үлкен рөлге ие «Nur Otan» партиясы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қызу дайындық жүргізуде.Жер-жерлерде кездесулер өткізіліп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруде. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.Сондай кезекті кездесу Жаңа жол ауылдық округінде болып өтті. Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Нұрлы жол ауылының биі, еңбек ардагері Жақсылық Құдіретовтің үйінде болды.Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі 7 басымдықты таныстырды. Елдегі жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды.Ауыл ақсақалы Жақсылық Құдіретов болашақ депутаттармен кездесу барысында кәсіпкерлік саласына берілетін қаржылар мен тұрақты жұмыс орындар…














