Бүгінде сапалық тұрғыда экономика мен әлеуметтік салада, білім мен денсаулық, мәдениет салаларында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Абилов Мырзакент кентінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Nur Otan»-ның бастамасымен бағындырылған белестерге тоқталды.«Жүйелі жоспардың жоғары нәтижесі де аз емес, оны мойындаған жөн. Және де мұны айтып отыру керек. Себебі, ертеңіміз бұдан да жарқын, айқын және келбетті де көрікті болу үшін бұның бәрін үнемі есте тұтқан абзал. Салыстырып, салмақтап, таразылап байқау, бағамдау үшін қажет» дейді үміткер.Еркін форматта өткен сұхбат кезінде кент тұрғындары жа…