Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»: АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛ САЙЫН 9 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСАДЫ

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Гүлстан Хамзина мен Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері Әли Ермекбаев алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді. Қалалық сайлауалды бағдарламаны түсіндірген Райса Байлиева алдағы бес жылды көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, адамдардың көбі жұмысқа орналасатынын айтып өтті.

- «Nur Otan» партиясы елдің дамуы үшін қашан да қолайлы жағдай жасайды. Алдағы сайлауда бес жылдық бағдарламаны ұсынып отыр. Оның негізгі жеті басымдылығы бар. Өнер, мәдениет, спорт, білім, медицина, экономика, қауіпсіз қала деп бірнеше бағытқа бөлген. Яғни, аталған салада тың өзгерістер болып, жаңа дүниелер жасалатын болады. Қаламызда енді жыл сайын жаңа жұмыс орындары құрылады. Нәтижесінде жыл сайын тоғыз мың адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Енді жыл сайын 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жобасы тұр. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жоба іске асады. Түрлі жәрмеңкелер өткізуге мүмкіндік аламыз. Кәсіпкерлерге кәсіп бастауға, жастарымызға үй алуға көптеген мүмкіндік бар. «Nur Otan» партиясы барлық саладан қолдау танытады,-деді ол.

Ал қаламызға белгілі тұлға, дрижир Әли Ермекбаев қандай сәтте де «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдауға дайын екенін айтты. Партия еліміздің азаматтары үшін барлық жағдайды жасап жатқанына келісіп отыр. Кітапхана директоры Гүлстан Хамзина мен оның ұжымы да алдағы сайлауға сәттілік тілеп, жанашыр жандар тарапынан болуға уәделерін берді.

Айта кетейік, Райса Байлиева кездескен Гүлстан Ғимранқызы жақында ғана «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталған еді. Қаламыздың белсенді және белді тұлғалары өздеріне келіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгеніне ризашылықтарын білдірді.

0
0
112

Еще по теме