Перейти к содержимому

Новое

Онлайн- встреча с избирателями

Кандидат в депутаты областного маслихата Кудайкулов Марат Жазитович провел онлайн-встречу в населением по актуальным вопросам Камыстинского района

#BizBirgemiz #БізБіргеміз #МыВместе #JeńimpazBol #ГолосуйЗаNurOtan

0
0
136

ТҰРҒЫНДАРМЕН ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бакытгул Абдуллина мен Ильдар Шакиров Мәртөк ауылындағы «ДОС» супермаркетінде тұрғындармен экспромт-кездесу өткізді.
Кедесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықтың даму жоспарымен бөлісті. Ал «Jas Otan» ЖҚ белсенділері үгіт-насихат парақшаларын таратты.
#NurOtan #NurOtanMartuk
#ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
155

«NUR OTAN» КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШАДЫ

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Зулхуза Кожаев кәсіпкер әйелдермен онлайн кездесті.
Халықтың әл-ауқатының негізін біз азаматтарды жұмыспен және тұрақты табыспен қамтамасыз етуден көріп отырмыз.
Сонымен бірге, COVID-19 жағдайы еңбек нарығында өз түзетулерін енгізді, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті әлсіретіп, халықтың табысын азайтты.
Пандемия сонымен қатар бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады - деді Зулхуза Кожаев.
#NurOtan #NurOtanMartuk
#ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
161

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық сайлауалды штабының басшысы, Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бисенгалий Акзамов Мәртөк ауданы орталық ауруханасы қызметкерлерімен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесті.
Үміткер сайлауалды бағдарламада тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірнеше бағытты сайлаушыларға жан-жақты баяндап, сайлаушылардың ұсыныс тілектерін тыңдады.
2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.
Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз! – деді Бисенгалий Акзамов.
#NurOtan #NurOtanMartuk
#ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
157

ПЕРВОМАЙ, ДМИТРИЕВКА АУЫЛДАРЫНДА ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ

«Nur Otan» партиясы атынан Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауржан Мустафин «Есіктен есікке» акциясы акциясында Первомай, Дмитриевка тұрғындарымен жүздесіп, «Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықтың даму жоспарымен бөлісті. #NurOtan #NurOtanMartuk
#ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
165

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер сайлаушылармен кездесуде ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, жастарды еңбекке баулу жайлы айтып берді.

Үміткер Зулхуза Қожаев Мәртөк аудандық этно-мәдени орталық өкілдерімен онлайн кездесті.
«Партия бағдарламасындағы басымдықтың бірі – ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл бағыттағы жұмыстың салмағы артты. Жоспар бойынша 20 ірі инвестициялық жоба іске асырылады. 2021 жылы Мәртөк ауданында 2,8 мың, Ақтөбе қаласында 500 мүйізді ірі қараға арналған 3 сүт-тауар фермасы салынады. 2021 жылы Ақтөбе қаласында қуаты жылына 15 мың тонна болатын балмұздақ цехы жаңғырылып, Алға ауданында қуаты 120 тоннаға дейін құс етін және жылына 125 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасының құрылысы жүргізіледі. 2022 жылы Ақтөбе қаласында қуаты 20 тоннаға дейін жететін құс етін өндіретін фабрика салынады. Дәл сол жылы Шалқар ауданында 20 мың ұсақ мал бордақылайтын және өсіретін шаруашылық ашылып, 140 жұмыс орны құрылады. Жыл сайын облыстың 2 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шаруа қожалығын қосымша субсидиялау қарастырылған», - деді Зулхуза Қожаев.

Ауыл жастарының өмір сүру сапасын арттыру, оларға жағдай жасау туралы айтқан үміткер «Nur Otan» және «Jas Otan» жастар қанаты әрдайым тың жобалардың қолдап, іске асыруға септігін тигізетінін жеткізді. Жастарды жұмыспен қамту, шағармашыл және іскер жастарды қолдау басым бағыттың бірі болып қала бермек.

0
0
157