МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық сайлауалды штабының басшысы, Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бисенгалий Акзамов Мәртөк ауданы орталық ауруханасы қызметкерлерімен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесті. Үміткер сайлауалды бағдарламада тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірнеше бағытты сайлаушыларға жан-жақты баяндап, сайлаушылардың ұсыныс тілектерін тыңдады. 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді. Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз! – деді Бисенгалий Акзамов. #NurOtan #NurOtanMartuk #ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan
