Перейти к содержимому

Новое

ӨРКЕНДЕУІН МАҚСАТ ТҰТҚАН ПАРТИЯ

Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Өткен жылғы Арыс және биылғы Мақтаарал оқиғалары мен елімізде жарияланған Төтенше жағдай салдарында партия өзінің халықпен бірге екендігін көрсете білді.

Nur Otan-ның 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасы – партия қолға алған реформалардың заңды жалғасы.  Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Бүгінгі кездесуде партиялық облыстық кандидаттар М.Иманбек, Ж.Абдибаев, Б.Шағырбаев, Р.Шеримов «Бес жұлдыз» ЖШС-нің ұжымымен  кездескенде партия бағдарын толық атап өтіп, Сарыағаш ауданы бойынша алдағы 5 жылға жоспарға алынған бағдарламаға тоқталды. Сарыағаш ауданы бойынша емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттырып, ауданда туризмді дамыту үшін орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2025 жылға дейін 33 жобаны іске асыру көзделуде.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға;

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 33 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 58 жобаны іске асыруға;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 150 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге;

ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ)көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
283

КАНВАССИНГ

«Nur Otan» партиясы Түпқараған ауданы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Н.Мағдатов Ақшұқыр ауылында "Канвассинг" жобасы аясында ардагер ұстаз Оңайбай Әбдірахманов үйінде болды.

0
0
160

Встреча на шахте "Казахстанская"

Кандидаты в депутаты в Карагандинский областной маслихат Калыков А.К. и Багирова Л.А., а также кандидаты в Шахтинский городской маслихат Буслаев Е.М. и Миннуллин Р.Г. провели агитационную встречу с шахтерами шахты «Казахстанская». Кандидаты рассказали о предвыборной программе партии «Nur Otan».

В живом диалоге обсудили вопросы интересующие шахтеров. Избиратели сетовали на качество ремонта дороги Караганда-Шахтинск. Интересовались сроками окончания ремонта мостов и самой дороги Шахтинск-Шахан. Также поднимались вопросы снижения пенсионного возраста для шахтеров и о накопительной пенсионной системе.

В ходе конструктивного диалога кандидаты ответили на все вопросы избирателей и призвали их проголосовать на выборах 10 января за партию «Nur Otan».

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
159

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Ауылдық округтің негізгі күн көріс жағдайы мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауылда жұмыс болмағандықтан жан бағу үшін көрші округтерге аудан орталығына қатынауға туралы келеді. Ауылдың тынысымен танысқан партиялықтар, әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Сондықтан, партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту екенін айтты.

Еліміз бойынша: жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамту, туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашу, ауыл шаруашылығында 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады. 130 мың жұмыссыз азамат 5 жыл ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытылады. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларға қолдау көрсетеміз.

Еңбек қауіпсіздігін жақсарту, өндіріс орнында жарақаттануды 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан төмен болады.

Сарыағаш ауданының ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға; Жібек жолы ауылдық округінен 5000 бастық, Қабланбек ауылдық округінде 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға ықпал етеді.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 107,6-%-ға дейін артады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
322