АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Ауылдық округтің негізгі күн көріс жағдайы мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауылда жұмыс болмағандықтан жан бағу үшін көрші округтерге аудан орталығына қатынауға туралы келеді. Ауылдың тынысымен танысқан партиялықтар, әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Сондықтан, партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту екенін айтты.
Еліміз бойынша: жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамту, туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашу, ауыл шаруашылығында 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады. 130 мың жұмыссыз азамат 5 жыл ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытылады. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларға қолдау көрсетеміз.
Еңбек қауіпсіздігін жақсарту, өндіріс орнында жарақаттануды 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан төмен болады.
Сарыағаш ауданының ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға; Жібек жолы ауылдық округінен 5000 бастық, Қабланбек ауылдық округінде 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға ықпал етеді.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 107,6-%-ға дейін артады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
