Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨРКЕНДЕУІН МАҚСАТ ТҰТҚАН ПАРТИЯ

Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Өткен жылғы Арыс және биылғы Мақтаарал оқиғалары мен елімізде жарияланған Төтенше жағдай салдарында партия өзінің халықпен бірге екендігін көрсете білді.

Nur Otan-ның 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасы – партия қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Бүгінгі кездесуде партиялық облыстық кандидаттар М.Иманбек, Ж.Абдибаев, Б.Шағырбаев, Р.Шеримов «Бес жұлдыз» ЖШС-нің ұжымымен кездескенде партия бағдарын толық атап өтіп, Сарыағаш ауданы бойынша алдағы 5 жылға жоспарға алынған бағдарламаға тоқталды. Сарыағаш ауданы бойынша емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттырып, ауданда туризмді дамыту үшін орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2025 жылға дейін 33 жобаны іске асыру көзделуде.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға;

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 33 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 58 жобаны іске асыруға;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 150 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге;

ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ)көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
247

Еще по теме

ӨРКЕНДЕУІН МАҚСАТ ТҰТҚАН ПАРТИЯ - Yvision.kz