БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ.
Ия, бала тәрбиесі де партияның басты назарда. «Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы, жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің ісі»Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Абдикаримова, У.Омарова және З.Исабаевалар ауданның кәсіпкерлік орталығының мәжіліс залында кәсібін бала тәрбиесіне бағыттап жүрген кәсіпкер әйел азаматтар, яғни жекеменшік балабақша меңгерушілері және құрылтайшыларымен кездесу өткізді.Ж.Абдикаримова: «Ата-ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» - деп бабымыз айтқанд…