Перейти к содержимому

Новое

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ МӘҢГІЛІК

2020 жылғы 26 желтоқсан күні Түлкібас аудандық маслихатының депутаттығына үміткер Ж. Абиловтың  сайлауалды  үгіт-насихат жұмыстары  Түлкібас аудандық түрік этно-мәдени орталығының ғимаратынан бастау алды. Іс-шараға аудандық  партияның негізін қалаушылардың бірі   Б.Ш.Қуанышбеков, Түлкібас ауданы қоғамдық келісім ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Қ.Анашев, Түлкібас ауданы маслихатының депутаттығына үміткер Д.М.Абишев және Түлкібас ауданы түрік этно-мәдени орталығының ардагерлер, жастар, спорт комитетінің төрағаларымен мүшелері қатысты. Іс-шара барысында қазақтың ұлы тумасы, қоғам қайраткері, түркі халықтарының бірлігінің негізін қалаған Т.Рысқұловтың аудан орталығындағы  ескерткішіне, аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Мәңгілік алауы» кешеніне гүл шоқтары қойылып,  аруақтарына тағзым етілді. Іс-шара барысында боздақтардың әруағына құран бағышталды. Жиынға қатысушылар  осындай Іс- шаралар аудан мектептерінде және елді мекендердегі  қоғам қайраткерлеріне және батыр аталарымыз бен апаларымызға арналған ескерткіштерде жалғасын тапса, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жастарға  патриоттық тәрбие беруге зор үлес қосатынын айытты. Жиынға  қатысушылар «Nur Оtan» партиясының ұсынып отырған бағдарламасы мен ұстанып отырған дұрыс бағытына қолдау көрсетіп, оның орындалуына жан-жақты ат салысатындығын білдірді. Үміткер сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында  Т.Рысқұлов ауылының байырғы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр ана Мащенко Александра Владимировнаның және Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Шамшилов Або атаның үйінде қонақта болды. Үміткер «Nur Оtan» партиясының  сайлауалды бағдарламасын таныстыру үшін Майтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында  тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар еліміздегі тұрақтылықты  қолдап, халықтың бірлігіне және еліміздің  ынтымағына сызат түспесін, Тәуелсіз Қазақстанның әр бір     отбасына бақ - береке тіледі.

0
0
349

"СДЕЛАНО В КАЗАХСТАНЕ" АКЦИЯСЫ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қарақұлов Рамжан Жаңабайұлының қатысуымен аудандық орталық базарда "Сделано в Казахстане" акциясы ұйымдастырып, өткізілді. Бұл акцияның Отандық өнімдерімізді қолдауға бағытталған. Бұл тауарларды сатып алу кезінде отандық өндірушінің пайдасына таңдау жасағысы келетін азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауы керек. Бұл акция арқылы қазақстандық тауарлар барлық сауда желілерінде ерекше ерекшеленетін болады деп күтілуде.

0
0
169

Многие граждане страны отреагировали на заявление депутата госдумы РФ

Привыкли, блин, за 100 лет, что некоторые територии - просто были присоеденены к занимаемой казахами территории Степного края  и при образовании КирАССР(в составе РСФСР), затем -и  при образовании КазССР...

 Не знаю, как вы думаете об этом, поэтому и - спрашиваю вас...

-1
1
319

50 ТОННА МАКАРОН ӨНДІРЕТІН ЦЕХ АШЫЛАДЫ

Дарбаза ауылының тұрғыны, Ауыл ақсақалы Уразгелдиев Бахтиярмен өткен кездеуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, аудандық филиалдың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын сайлаушыларға таныстырып өтті.

Бағдарламаның бағытында лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. Бұл үшін бірінші кезекте «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу.

Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады, орташа жалақы 140 мың теңгеге артады, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары, өздері тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптарын алып, қашанда «Nur Otan» партиясымен бірге екендерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
153

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРЫЛАДЫ

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы: мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 2020 жылы 475 адамды оқыту, 2025 жылға дейін 2250 адамды оқытуға; 2025 жылға дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған 750-ге жуық азаматтарға мемлекеттік гранттар алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында темір жол вокзалы мен автовокзал және 3 автобекеттің ғимараттарында пандустар орнатылып, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер ашуға; әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді;

Халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде «Қамқорлық» бағдарламасы мен «Біз біргеміз» акциясы арқылы халықтың осал топтарына демеушілер есебінен азық-түлікпен, қажетті тұрмыстық жабдықтармен көмектесуді жалғастырады.  Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 80% қамтылады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
456

«От двери к двери»

Сегодня, кандидаты в депутаты районного маслихата и активисты партии «Nur Otan», продолжили акцию «От двери к двери» . В ходе акции, молодыми активистами были розданы агитационные материалы, кандидаты в депутаты озвучили основные направления Предвыборной программы и призвали жителей ,10 января в день выборов, прийти на избирательные участки и отдать свой голос за партию Nur Otan.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
129

АҒА ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛА БЕРМЕК

Кездесулер түрлі сала және түрлі жастаға тұрғындармен жаңа форматта өтуде. Бүгін кестеге сәйкес Таскескен ауылында «Есіктен-есікке» аяциясы аясында сайлаушылармен аудандық мәслихатқа кандидат Құдрет Қыстаубаев кездесті.

Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.

Халықпен кездескен үміткер, партия бағыттарын түсіндіріп, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия  медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырады. сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасайды.

Барлық жалғызбасты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі.

Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға индексация жүргіземіз.

Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады.

Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады.

Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады.

«Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
345

ТЕГІСШІЛДЫҚТАР ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Осы мақсатпен бүгін Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Құдрет Қыстаубаев Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен ауылының тұрғыны ұлағатты ұстаз, қазірде зейнеткер Рахматулла Тоқбердиевтің отбасында болды.

Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.

Кандидат Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасына Қазақстандық отбасылардың (көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған) экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданатынын айтып, Сарыағаш ауданы бойынша партияның сайлаудалды бағдарламасында алғады 5 жылға бағытталған жоспармен таныстырды.

Ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі ол таза ауыз су. Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды. Партия 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

ü Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға;

ü 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен

сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етеді. оның ішінде: 2021 жылы Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендері тұр.

Ардагер, партия бағдары нақты және тиянақты жасалғанына ризашылығын білдіріп, саяси науқанға сәттілік тілеп, Nur Otan-ды қолдайтынын айтты.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
240

Кандидат в депутаты Каржасов Г.Б. провел экспромт-встречу с избирателями

Кандидат в депутаты в Шахтинский городской маслихат Каржасов Г.Б. провел экспромт-встречу с избирателями на коммунальном рынке г.Шахтинска. Кандидат разъяснял предвыборную программу партии «Nur Otan», раздавал агитационные материалы и отвечал на вопросы избирателей.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
146