АҒА ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛА БЕРМЕК
Кездесулер түрлі сала және түрлі жастаға тұрғындармен жаңа форматта өтуде. Бүгін кестеге сәйкес Таскескен ауылында «Есіктен-есікке» аяциясы аясында сайлаушылармен аудандық мәслихатқа кандидат Құдрет Қыстаубаев кездесті.
Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.
Халықпен кездескен үміткер, партия бағыттарын түсіндіріп, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырады. сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасайды.
Барлық жалғызбасты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі.
Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға индексация жүргіземіз.
Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады.
Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады.
Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады.
«Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
