ТЕГІСШІЛДЫҚТАР ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Осы мақсатпен бүгін Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Құдрет Қыстаубаев Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен ауылының тұрғыны ұлағатты ұстаз, қазірде зейнеткер Рахматулла Тоқбердиевтің отбасында болды.
Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.
Кандидат Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасына Қазақстандық отбасылардың (көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған) экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданатынын айтып, Сарыағаш ауданы бойынша партияның сайлаудалды бағдарламасында алғады 5 жылға бағытталған жоспармен таныстырды.
Ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі ол таза ауыз су. Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды. Партия 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.
ü Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға;
ü 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен
сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етеді. оның ішінде: 2021 жылы Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендері тұр.
Ардагер, партия бағдары нақты және тиянақты жасалғанына ризашылығын білдіріп, саяси науқанға сәттілік тілеп, Nur Otan-ды қолдайтынын айтты.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
