"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛУІ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудандық "Nur Otan" партиясының ғимаратында аудандық мәслихатқа үміткерлер Оразгүл Көбесқызы және Серік Жәрдемалиевпен кездесу өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Жиын барысында алғаш боп сөз алған "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов: - Өздеріңіз білесіздер, алда сайлау келе жатыр. Аудан бойынша 3 партия тіркеліп, өз жұмыстарын жүргізуде. Біздер - "Nur Otan" партиясының өкілдеріміз. 2025 жылға дейін ауданымызда жасалатын істердің барлығын Нұрсұлтан қаласына барып, қорғап келдік. 2021 жылы атқарылатын істердің қаржылары бөлінді. Келесі жылдан бастап аудан орталығында бірқатар көшелерге жаңадан жол салынады. Көпқабатты үйлердің құрылысы басталады. "Nur Otan" партиясының осы кезге дейін атқарған шаруалары көп. Ел игілі…