Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАУСАҒЫЗ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Түлкібас ауданының беделді кәсіпкерлері, депутаттыққа үміткерлер - Б.Жабатаев және Б.Тулешев бүгін Таусағыз ауылының тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау барысында кездесу өткізді. Кездесу барысында бұл ауыл тұрғындары арасынан жұмыссыз жастар кезіккен. Жас кәсіпкерлер сол жастарға жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында "Ырыс" және Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы 4%-дық несие алу жөнінде кеңес берген. Ол азаматтар үміткерлер ұсынған бағдарламамен жұмыс жасауға барған кезде жолдары болмағандығын айтқан. Кандидаттар тиісінше сол азаматтардан толыққанды өздері жайындағы мәліметін алып, өтініштерін бақылауда қойып, көмектесуге уәде берген.

0
0
335

Еще по теме

ТАУСАҒЫЗ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz