Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ - ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН

Бүгін "Jas Otan" ЖҚ төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - И.Джолбасханов тікелей эфир барысында Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, одан бөлек жалпы жасотандықтардың 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарын айтып өтті. Атап, айтар болсақ Арыс қаласындағы апат кезінде көрсетілген түлкібастықтардың қолдауы мен пандемия кезінен аудан тұрғындарына көрсетілген көмектерге қысқаша тоқталып, Түлкібас ауданына алғысын білдірді. Сайлауалды бағдарлама ішінде дамудың жеті басымдықтарының бірі - жастарға арналған ауданды түсіндіріп берді.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Түлкібас ауданында 27 мыңнан астам жастар тұрады.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 50 білікті жас мамандарды тарту (әлеуметтік қолдау арқылы: баспана, көтерме жәрдемақы);

 «Жас кәсіпкер» бизнес бастамасын қолдау және жастарға өз бизнестерін ашуға жәрдемдесу, жыл сайын кемінде 55 грант беру;

 барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына ықпал ету.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық 3,3%-ға дейін төмендейді.

Тікелей эфир барысында жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, партиялықтарды дауыс беруге шақырды.

0
0
149

Еще по теме

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ - ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН - Yvision.kz