Перейти к содержимому

Новое

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Облыстық және мәслихат депутаттығына үміткер Битан Садуақас Түзелбайұлы мен Марат Абзал Ғабитұлы Мұнайлы ауданы, Баянды ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға түйткілді мәселелер бойынша партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасының 10 бағыты таныстырылды.

Елдің жүгін арқалай алатын «Nur Otan»партиясына дауыс беріңіздер!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС (ЭКСПРОМТ ВСТРЕЧА)

Халықпен кездесуге "Nur Otan" партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қарақұлов Көби қатысып. Сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды.

Үміткер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы облыс халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салып жатқанын атап өтті.

Шара соңында Қарақұлов Көби жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.

0
0
127

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Мұнайлы ауданында сервистік әкімдік ашылды. Жаңа сервистік әкімдікте тұрғындар бір жерден мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Сервистік әкімдіктің ашылуына МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Басқарма басшысы Қ.Байгебаев, «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, аудан әкімі Р.Елтизаров пен аудан тұрғындары қатысты.

Өңірде осындай сервистік әкімдіктер ашудың мақсаты – азаматтардың мәселелерінің жылдам шешілуін қадағалап, жемқорлық деңгейін төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету.

0
0
106