Перейти к содержимому

Новое

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ (ЭКСПРОМТ ВСТРЕЧА)

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы «Маңғыстау» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті.Халықпен кездесуде "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тасболатова Гүлнара және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Біләлов Берік Жарылғапұлы, Бимембетова Гүлфайруз Асанқызы белсенділік танытып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар ауыл тазалығы, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды.Үміткерлер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы облыс халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салып ж…

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

28 желтоқсан күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 58 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 21, ауызша түрде 20, телефон арқылы 17.

0
0
117

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯДАН БАТА АЛУ ҮРДІСІНЕН ТАЙҒАН ЕМЕС

28 желтоқсан күнгі үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақтау қаласында біршама іс-шара жүзеге асырылды. «Есіктен-есікке» акциясы, канвассинг өткізілді. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек.

0
0
176

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Біләлов Берік Жарылғапұлы мен Байназарова Жанар Асылбековна Мұнайлы ауданы, Баянды ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесіп келді. Іс-шара барысында тұрғындарға түйткілді мәселелер бойынша партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасының 10 бағыты таныстырылып тұрғындар тарапынан ұсыныс пікірлер тыңдалды.

Елдің жүгін арқалай алатын «Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырды!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
138

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Үгіт-насихат науқаны аясында жасалған және жасалып жатқан іс-шараларға шолу жасады. Содан кейін штаб мүшелерімен, бақылаушылармен кездесті.

Партияның қоғамдық-саяси бағытын, қоғамдық саясат институтын, «Jas Otan» жастар қанатын, сарапшылар қауымдастығы және басқалармен тығыз қарым-қатынастағы жұмыстарға басшылық ететін А.Қырықбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі, сайлаушылармен кері байланыс орнату, акциялардың тұрақты түрде өткізілуі, жалпы сайлауға қатысты мәселелер бойынша толық айтып өтті. Партияның мүдделі жұмысымен халық барынша танысу керектігін жеткізді. Штаб жұмысына сәттілік тіледі.