МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМДІК АШЫЛДЫ
Мұнайлы ауданында сервистік әкімдік ашылды. Жаңа сервистік әкімдікте тұрғындар бір жерден мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Сервистік әкімдіктің ашылуына МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Басқарма басшысы Қ.Байгебаев, «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, аудан әкімі Р.Елтизаров пен аудан тұрғындары қатысты.
Өңірде осындай сервистік әкімдіктер ашудың мақсаты – азаматтардың мәселелерінің жылдам шешілуін қадағалап, жемқорлық деңгейін төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету.


