Канвассинг-кездесу
“Nur Otan” партиясынан аудандық мәслихатқа үміткер Тұрғанбаев Берік Мыңжанұлы Шолаққорған ауылындағы ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарымен кездесу өткізді. Атап айтар болсам, ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі тірегі. Сондықтан, бұл бағыттағы жетістіктеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Жылдан-жылға мал шаруашылығы өнімінің көлемі ұлғайып келеді. Осы орайда Шолаққорған ауылында орналасқан "Мағжан" шаруа қожалығында болып, Республикалық 'Nur Otan' партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдығы мен Созақ ауданы бойынша 'Nur Otan' партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты басымдықта қарастырылған ірі және ұсақ мал басын көбейту, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыттары бойынша таныстыру жұ…

