КАНВАССИНГ- кездесу.
Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Байғараев Бегімбет Биімбетұлы Созақ ауылында тұратын 40 жылдан аса медицина саласында қызмет атқарып, талай жанның дертіне шипа дарытқан ардақты ардагер дәрігер Әбдіразақ Сүлейменовтің шаңырағында болды. Денсаулық сақтау саласында айшықты ізін салған ардагер мен оның отбасын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға сайлау алды үгіт насихат жұмыстарымен таныстырды. Іс -шара барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, "Nur Otan" партиясы ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күннен бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп, гүлденуіне қомақты үлесін қосып келе жатқанын айтып өтті.
Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың жаршысы болған "Nur Otan" партиясының атқарған және атқаратын жұмысы ұшан-теңіз.
Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса барлық қиындықты жеңіп мақсатымызға жетеміз!
