ШАҢЫРАҚ «5-10-20» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАЛЫ 1500 АДАМНЫҢ ӨТІНІШІ МАҚҰЛДАНДЫ
Шаңырақ бағдарламасы іске қосылған 2 айдың ішінде баспана алуға әкімдіктер кезегінде тұрған 1500 адамның өтініші мақұлданды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Медет Әбуғалиев мәлім етті. Оның айтуынша, баспанаға мұқтаж 1986 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда, әкімдіктер кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініш қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Енді жобаға 2016-2017жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады.«Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс деңгейінен аспайтын еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің болуы талап етіледі. Яғни,…
