Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Тосын кездесу

облыс және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудан орталығында сайлаушылармен тосын кездесу өткізді. Мәселен, мәжілістің депутаттығына үміткер Мақпал Тажмағанбетова сауда орталығында кездескен халыққа сайлауалды бағдарламаны түсіндіре отырып, олардың сұрақтарына да жауап берді. Тұрғындардың басым бөлігі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақтар қойды. Қария кісілер көбіне елдің болашағына алаңдайтындықтарын білдірді. Партия өкілдері бүгінгі күнге дейін жеткен бейбітшілік пен татулық, тұрақты экономикалық өсім, әлеуметтік жағдайдың жақсара беретінін жеткізді. Себебі партия 5 жылға арнаған сайлауалды бағдарламасында барлығын қарастырған. Сайлаушылар партияның жеңісті жағдайында ауданның және жалпы елдің жағдайы қандай болатынын білуге тырысты. Сонымен қатар үміткер сайлаушылардың сенімдерін нығайтып, белгіленген күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
185

Еще по теме

Тосын кездесу - Yvision.kz