ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов мәлім етті.Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметінің мамандары өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін, заңсыз сауданы анықтау мақсатында пиротехникалық өнімдерді сақтау және өткізу орындарына 23 рейд жүргізді. Тексеріс барысында Ішкі істер органдары 1300 бірлік пиротехникалық бұйым (676 дана, 644 қорап) тәркіледі.Айта кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 3 өрт болды, оның ішінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар тіркелген жоқ.«Биыл 1 қаңтар күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының орталық алаңында биіктігі 17 метр жаңа жылдық жасанды шырша жанғанын атап өт…