Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ

Кедесуде кандидаттар, Сарыағаш ауданы бойынша «Nur otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 3-бағыты: әлеуметтік бағдарланған аудан. Аталмыш бағыты, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. Аудан тұрғындарына тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы: мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 2020 жылы 475 адамды оқыту, 2025 жылға дейін 2250 адамды оқытуға; 2025 жылға дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтаған 750-ге жуық азаматтарға мемлекеттік гранттар алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге); ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында темір жол вокзалы мен автовокзал және 3 автобекеттің ғимараттарында пандустар орнатылып, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер ашуға; әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді; Халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде «Қамқорлық» бағдарламасы мен «Біз біргеміз» акциясы арқылы халықтың осал топтарына демеушілер есебінен азық-түлікпен, қажетті тұрмыстық жабдықтармен көмектесуді жалғастырады. Нәтижесінде егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 80% қамтылады.

Жиын соңында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
106

Еще по теме

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ - Yvision.kz