ЕСІМБЕКҰЛЫ БАЛТАБАЙ АҒАНЫҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ
Нұротандық үміткерлер бүгін Есімбекұлы Балтабай ағаның шаңырағында қонақта болып, канвассинг кездесулерін өткізді. Бұл кездесу үміткерлерден бөлек аудандық Келісім қоғамдық кеңесінің төрағасы - Анашев Қалаубек Анашұлының қатысуымен өткізілді. Кездесу аясында партияның 5 жылда жоспарлап атқаратын жұмыстары бойынша сайлауалды бағдарламасының жоспарымен таныстырды. Есімбекұлы Балтабай - Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, "Nur Otan" партиясының ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Есімбеков Балтабай Есімбекұлы өзінің бүкіл санаулы ғұмырын білім беру саласына сарп еткен. Ол өзінің "Асау жылдар...... белестер" атты өлеңдер жинағын көпшілік назарына ұсынып үлгерген.Ағамыз Балтабай Есімбекұлының жазған шығар…