Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСІМБЕКҰЛЫ БАЛТАБАЙ АҒАНЫҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Нұротандық үміткерлер бүгін Есімбекұлы Балтабай ағаның шаңырағында қонақта болып, канвассинг кездесулерін өткізді. Бұл кездесу үміткерлерден бөлек аудандық Келісім қоғамдық кеңесінің төрағасы - Анашев Қалаубек Анашұлының қатысуымен өткізілді. Кездесу аясында партияның 5 жылда жоспарлап атқаратын жұмыстары бойынша сайлауалды бағдарламасының жоспарымен таныстырды. Есімбекұлы Балтабай - Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, "Nur Otan" партиясының ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Есімбеков Балтабай Есімбекұлы өзінің бүкіл санаулы ғұмырын білім беру саласына сарп еткен. Ол өзінің "Асау жылдар...... белестер" атты өлеңдер жинағын көпшілік назарына ұсынып үлгерген.

Ағамыз Балтабай Есімбекұлының жазған шығармаларында балалықтың балғын кезеңдері, сезім мен сенім, достық пен қарым-қатынастар, тілге деген құрмет, туған өлкеге, туып өскен ауылына, табиғаты қорғау, өмір мен қазіргі тіршілік т.б. мәселелерді көкірек көзінен өткізген сәттері мол да шынайы суреттелген.

Жарты ғасырдан аса өмір сүре келіп, өмірден көрген, білгендері еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін ой елегінен өткізіп, шебер жеткізе білген. "Көзімнің нұры сөнгенше" атты кітабына да бұрыннан жазып жүрген шығармаларымен қатар мемлекетіміз тәуелсіздікті алғаннан кейінгі жылдардағы шығармалары еніп отыр. Аталып өткен мәселелерді өз жинағына арқау етіп, көпшілік назарына ұсынып отыр. Балтабай Есімбекұлы "Nur Otan" партиясы құрылғалы бері жасаған жақсылықтары мен игі істерінің көзайымы болып жүргендігін үміткерлерге жеткізді. Сонымен бірге еліміздің көшбасшы партиясы "Nur Otan" үлкен сый-құрметке лайық екендігін атап өтті. Бұл канвассинг-кездесу алдағы уақытта облыстық телеканалдардан жарық көретін болады.

0
0
290

Еще по теме

ЕСІМБЕКҰЛЫ БАЛТАБАЙ АҒАНЫҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ - Yvision.kz