Перейти к содержимому

Новое

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Халық бірлігі мен қоғамдық келісім - Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.

«Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.

Осыған орай бүгін "Мұнайшы" мәдениет үйінде қалалық мәслихатына үміткерлер А. Исаева, Т. Болатбаева, Г. Еркебекова, Г. Жугенбаевa және А. Кушикбаева мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде кандидаттар білім және мәдениет мәселелеріне тоқталып өтіп, сайлауалды бағдарламаларына қысқаша түсінік берді.

"Nur Otan” партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуге, тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер салаларын дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтып өтті.

Шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері өз сәттіліктерін жолдады.

#NurOtan

«NUR OTAN» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ЖОҒАРЫ ҚОЯДЫ

Елімізде келесі жылдың 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетіні белгілі. Соған орай бүгінде насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Қалалық сайлауалды штабының мүшесі Ж.Сулейменов, облыстық және қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Қ. Базылов, Ж.Мұханбетқалиқызы, З.Нугаева, А.Ногаев, Қ.Мыңтұрғанов, Н. Союнов, Р.Сарманов "ӨзенМұнайГаз" АҚ қарасты #3 мұнай газ өндіру басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.Депутаттыққа үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт, соның ішінде әлеуметтік сала бойынша жасалатын жұмыстар жөнінде айтып өтті. Онлайн шараға қала мен аудандардан кандидаттар, сенімді өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті болып отырған мәселелерді тілге тиек етіп, партияның мүдделі шараларымен таныстырды.- «Nur Otan» партиясын…

0
0
129

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгінгі кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлері З.Нугаева,Ж.Мұханбетқалиқызы және қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Муханов, А.Исаева, К.Джайлиев, Т.Болатбаева, Н.Тулепов қаламыздың мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.Жиын барысында облыстық штаб мүшелері мен үміткерлер бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жина…

0
0
125

ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА!

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер З. Нугаева және Ж. Мұханбетқалиқызының қатысуымен Теңге ауылында "Есіктен-есікке" акциясы аясында үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірілді.

Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша жоспарлы бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.

#NurOtan

0
0
125