Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгінгі кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлері З.Нугаева,Ж.Мұханбетқалиқызы және қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Муханов, А.Исаева, К.Джайлиев, Т.Болатбаева, Н.Тулепов қаламыздың мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.

Жиын барысында облыстық штаб мүшелері мен үміткерлер бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілектерінің көпшілігі жол сапасы, су, газ жүргізу, тұрғын үймен қамту, білім беру нысандарын салу, материалдық базаны жаңарту, ғаламтор жылдамдығын жақсарту секілді мәселелерге қатысты болды.

Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, облыстық, қалалық сайлауалды бағдарлама жасалды. Мұнда әр өңірдің тұрғындарының ұсыныстары бойынша 5 жылда атқарылатын жұмыстар қатары енгізілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесіп алдағы сайлау науқанында "Nur Otan” партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
113

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ - Yvision.kz