Новое
Вместе с членами предвыборного штаба партии «Nur Otan» посетили Северо-Казахстанскую область.
Так, в селе Чапаево на базе «Кызылжар сут» вместе с руководителями крупных сельхозпредприятий региона рассмотрели вопросы развития отрасли в рамках предвыборной программы партии.⠀Сегодня более 40% наших граждан проживает на селе. В рамках инициированного Елбасы, Лидером партии Нурсултаном Назарбаевым проекта «Ауыл – Ел бесігі» мы будем и далее создавать условия для максимальной реализации потенциала села, улучшения условий жизни сельских жителей.⠀В ближайшие 5 лет «Nur Otan» ставит задачу по обеспечению работой в сельском хозяйстве до 500 тысяч человек за счет создания новых инвестиционных проектов и фермерских хозяйств. Будут приняты меры по стимулированию кооперации на селе, расширению форвардного закупа сельхозпродукции, внедрению современных цифровых технологий и др. Продолжится модер…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Біз Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын жалғастырамыз және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықаралық бастамаларының өрісін кеңейтуге ықпал ететін боламыз.Ұлттық мүддені қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті нығайту және барлық елдермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық орнату – сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары.Біз негізгі стратегиялық әріптестеріміз – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарымызды нығайтуды жалғастырамыз.Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция, ШЫҰ, БРИКС, ИКҰ елдерімен ынтымақтастықты дамыту жалғасын табады.Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және трансұлттық қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы к…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Біз елден тыс жерлерде тұрып жатқан этникалық қандастарымызбен рухани-мәдени, ғылыми-білім беру байланыстарын дамытатын боламыз.
Қандастардың шет елдердегі мәдени, гуманитарлық, тілдік, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ олар тұрып жатқан елдерде мәдениетімізді дамыту мақсатында Абай орталықтарының желісі кеңейеді. Бұл орайда «Отандастар» қорының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктерінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
Қазақстанға тұрақты тұру үшін көшуді мақсат еткен отандастарға қолайлы жағдай жасалады, ақпараттық-құқықтық қолдау, оқу, әлеуметтік бейімделу және қазақстандық қоғамға сіңісу бойынша көмек көрсетіледі.
Nur Otan
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Қазақстанда қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей моделін қалыптастырды.Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз. Партия Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, азаматтық бірегейлікке, тамыры терең тарихымызды, ұлттық мәдениет пен рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға негізделген қазақстандық патриотизмді дамытады.Әрбір адамның азаматтық жауапкершілігін күшейте отырып, этникалық, діни, нәсілдік, тілдік және гендерлік негіздегі кемсітушіліктің кез келген көрінісінің жолы кесіледі.Елбасы бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе оқушы жастар арасында, барлық азаматтардың бірін-бірі құрметтеу және теңдік құндылықтарын дамыту мен бекітуді жалғастырады.Біз проблемаларды ерте анықтау және олард…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Ел дамуының аса маңызды факторларының бірі – ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі.Жауапты азаматтық қоғам – демократиялық дамудың және мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі факторы. Партиямыз «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынады.«Nur Otan» партиясы ел дамуының өзекті міндеттері мен мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді тартып, барынша жұмылдырады.Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Оның құрамына азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да тартылады.Біз еріктілер қозғалысын дамытуды қолдаймыз. Волонтерлік тәжірибе студенттік практикаға, жұмысқа қабылдау және кәсіби өтілін есептеу кезінде ескеріледі.Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жа…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Конституцияда кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру – партияның басты міндеті.Құқық қорғау органдары азаматтардың заңды мүдделеріне қызмет етуі қажет, халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс.Полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізіледі. ІІМ, Бас прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің басшылары халықпен ашық диалог құра отырып, жыл сайын есеп беру кездесулерін өткізеді.Құқық қорғау органдарының өкілеттіктері келесі қағидат бойынша нақты бөлінеді: полиция қылмыстарды анықтайды, прокурор тергеу шешімдерін қабылдайды және құқықтық баға береді, сот істі қарайды және түпкілікті шешім шығарады.Жергілікті полиция қызметінің жұмысында «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты енгізіледі. Учаскелік полицейлер өзіне тән емес функцияларда…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты міндет – қоғамда заңсыздыққа қарсы ортақ түсінік пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды осы әлеуметтік дертпен күреске жұмылдыру.2025 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ақпаратқа қол жеткізу туралы, Қоғамдық кеңестер туралы заңдар қабылданды, мемлекеттік қызметтердің 80%-нен астамы автоматтандырылды, сот отырыстарының барлық залдары аудио және бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандырылды.Біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын одан әрі арттыруды, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейтуді қамтамасыз етемі…
ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР
Мемлекет пен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, ашықтық және есептік қағидаттары негізіндегі ынтымақтастығы – елдің тұрақты да үдемелі дамуының басты кепілі.Азаматтардың өмірін жақсартуға, заңның үстемдігін, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы – ұлт бірлігінің негізі.Біз азаматтар мен мемлекет арасында кері байланыс орната отырып, мемлекеттік аппаратты сапалы түрде трансформациялауды жалғастырамыз.Сайлауалды уәделерді тиімді іске асыру және мониторингілеу үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жалғасады, кері байланыстың онлайн құралдары кеңейеді, партиялықтармен өзара қарым-қатынастың жаңа заманауи форматтары енгізіледі. Партияның заңнамалық қызметі қазақстандықтардың өтініштерін жүйел…
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ,ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН ШЕТПЕДЕГІ КЕЗДЕСУ
Бүгін Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттарШолпан Ильмуханбетовамен өзімКиікбай Жақыпұлы Ұстазымыз Құрмашев Алдаберген ағайдың шаңырағында болдық.
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Алдаберген ағай 48 жыл ұстаздық еткен. Білім беру саласында еңбегі еленіп, көптеген марапаттарға ие болған ақсақал. Алдаберген әкеміз бен Сәния анамыз 7 баласынан 19 немере және 24 шөбере сүйіп отырған "Мерейлі отбасы" байқауының 1-орын иегерлері. Алдаберген ұстазымыздан тәлім алған шәкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жетістіктерге жетіп жүр.
Ағай өзінің жастар саясаты, тәрбиесі, өлкенің тарихы мен мәдениетін дамыту жөніндегі ойымен бөлісіп, Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты. Ұлағатты ұстаз алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдіріп батасын берді.