Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты міндет – қоғамда заңсыздыққа қарсы ортақ түсінік пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды осы әлеуметтік дертпен күреске жұмылдыру.

2025 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ақпаратқа қол жеткізу туралы, Қоғамдық кеңестер туралы заңдар қабылданды, мемлекеттік қызметтердің 80%-нен астамы автоматтандырылды, сот отырыстарының барлық залдары аудио және бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандырылды.

Біз осы бағдарламаны іске асыруды жалғастырамыз және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын одан әрі арттыруды, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейтуді қамтамасыз етеміз.

Біз азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын түбегейлі арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.

Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін азаматтардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеу, қабылдау және оларды іске асыру процесіне қатысуы заңнамалық түрде қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ықтимал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шеңбері кеңейтіледі.

Саяси қызметшілердің, судьялардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ пара берушілер мен парақорлыққа делдал болған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі күшейеді.

Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар үшін шетелдік банктерде ақшасының және басқа да құндылықтарының болуына шектеу енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа тартылған тұлғаларға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салынады. Жемқорлықпен айыпталған тұлғалардан тәркіленген барлық қаражат әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу алынып тасталынады, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға заңнамалық қорғау қамтамасыз етіледі.

100% электрондық кедендік декларациялау, басым транзиттік бағыттар бойынша кеден пункттерін жаңғырту және автоматтандыру, кедендік ресімдеу уақытын 5 есеге қысқарту қолға алынады.

Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру үшін тәуелсіз интернет-алаң құрылады.

Nur Otan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Еще по теме

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №4. ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР - Yvision.kz