Перейти к содержимому

Новое

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №3. ОРНЫҚТЫ ЭКОНОМИКА. ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту.Ол үшін келесі шаралар іске асырылады:Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамтылады.Туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашылады.Ауыл шаруашылығында шамамен 100 мың жаңа фермерлік және отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл арқылы 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі.IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.Қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізіледі.«Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады.130 мың жұмыссыз азамат 5 жыл іші…

0
0
103

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №3. ОРНЫҚТЫ ЭКОНОМИКА. ҚУАТТЫ КӘСІПКЕРЛЕР

Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз.Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі.«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады.Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі.10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі.IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады.Жеке бизнес ашу…

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №3. ОРНЫҚТЫ ЭКОНОМИКА. ОРНЫҚТЫ ЭКОНОМИКА

Біз жеке меншікке қол сұғылмауды, ашық бәсекені, макроэкономикалық тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық ахуалды және экономиканы әртараптандыруды қолдаймыз. Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, инвестицияларды өсіруге, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар.Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді.📷 ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ«Nur Otan» партиясы болашақ ұрпақ үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, Ұлттық қордан қосымша трансферттерді шектеуге ниетті.Біз әлеуметтік, сақтандыру қорларының және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының қаражаты ескерілетін «кеңейтілген бюджет» енгіземіз.Ағымдағы мә…

0
0
131

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №2. ЗИЯТКЕР, САЛАМАТТЫ ЖӘНЕ ЫЖДАҒАТТЫ ҰЛТ. ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ – ТАЗА ЭКОЛОГИЯ

Қазір жалпы әлем жаһандық жылыну салдарына, қоршаған ортаның ластануы проблемаларына тап болды. Дамыған мемлекеттер экономика мен қоғамдық сананы «экологияландыруға» және табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруға көше бастады.Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясының экологиялық саясаты келесі міндеттерді шешуге бағытталады:Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртекті аз тұтына даму тұжырымдамасы қабылданады. Ол «жасыл өсім», климаттың өзгеруіне бейімделу және экономиканы декарбонизациялау шараларын қамтиды.Біз шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешуді жалғастырамыз.Орал өзені бассейінінің экожүйесін сауықтыру бойынша бағдарлама қабылданады жә…

0
0
136

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №2. ЗИЯТКЕР, САЛАМАТТЫ ЖӘНЕ ЫЖДАҒАТТЫ ҰЛТ. БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ

Біз спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймыз. Дене шынықтыру еліміздің әрбір азаматының өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуы керек.Бұрын кәсіби спорт клубтарына бағытталатын қаражат бұдан былай халықты, бірінші кезекте балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарланатын болады.Мұғалімдердің еңбекақысы 2023 жылға қарай 2 есе өседі. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін негізгі базалық лауазымдық жалақысынан 100% мөлшерінде қосымша ақы қосылады.Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы ашылады.Жасөспірімдер мен жеткіншектер клубының саны барлық тірек ауылдарды қамти отыра, 1000-ға дейін ұлғайтылады.Барлық спорт кешендерінде ерекше қажеттіліктері бар ересектер мен б…

0
0
154

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №2. ЗИЯТКЕР, САЛАМАТТЫ ЖӘНЕ ЫЖДАҒАТТЫ ҰЛТ. САЛАМАТТЫ ҰЛТ

Пандемия заманауи денсаулық сақтау саласының жүйелі кемшіліктерін айқындады. Азаматтарымыздың денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Біз отандық денсаулық сақтау жүйесі білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санаймыз.Біз медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсіреміз.2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар ме…

0
0
132

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ҚАЙТТЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық штабының жүйелік кестесіне сәйкес Иіржар ауылдық округігің Дихан елді мекенінде «КАНВАССИНГ» шарасы аясында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Темірхан Иманбердиев ақсақалдың шаңырағында болып, қазыналы қариямен ауылдың, елдің жағдайы жайында сұхбаттасты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.Темірхан Исаұлы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, нәпақысын тауып отырған ауылда көкөніс сақтайтын қойма салу мен ауылдың ішкі жолдарына жөндеу жүргізу керек екендігін алға тартады.Айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша алдағы уақыттарда тиісті жұмыстардың жүргізілетінін айтқан үміткерлер тағы бірқатар мәселелер бойынша да құқықтық кеңестер берді. Бұл күн Қазақстан тарихында мемлекет дамуының…

0
0
171

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №2. ЗИЯТКЕР, САЛАМАТТЫ ЖӘНЕ ЫЖДАҒАТТЫ ҰЛТ. ПАРАСАТТЫ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕР ҚОҒАМ

Қазір әлемде интеллектуалдық және рухани әлеуеті жоғары азаматтар – кез келген мемлекет пен ұлттың тұрақты дамуының басты кепілі.Әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, қоршаған ортаны қорғауы қажет. Біз осынау талпыныстарды қызу қолдаймыз.Партиямыз мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. Өйткені ол – қоғамымыздың құнды қазынасы.Біз шығармашылық пен өнер өкілдерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен публицистердің, сондай-ақ киноиндустрия, мұражайлар мен кітапхана өкілдерінің жетістіктерін айтыс, мүшайра, жыр-терме, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы ілгерілететін боламыз.2025 жылға дейін біз 1500…

0
0
149

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ЖАС ЧЕМПИОНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Спорттың ел денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің жыл сайынғы жолдауларында салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келді. Өйткені, спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Соның нәтижесінде еліміздің көптеген ауылдары мен елді мекендерінде спорт ғимараттары салынып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары артып келеді.N2 «Атакент» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің чемпиондарымен кездесті. Спорттың армрестлинг түрінен әлемнің, Еуропа мен Азияның, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған жасөспірімдер спорттық мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.Кездесу барысында «Nur Otan»-дықтар зиянды әдеттерден…

0
0
117

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК. ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫ ҚОЛДАУ

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғастырылады.«Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі.Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады.Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында Мамандықтар атласы жасалады.Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орын…

0
0
118