ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ҚАЙТТЫ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық штабының жүйелік кестесіне сәйкес Иіржар ауылдық округігің Дихан елді мекенінде «КАНВАССИНГ» шарасы аясында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Темірхан Иманбердиев ақсақалдың шаңырағында болып, қазыналы қариямен ауылдың, елдің жағдайы жайында сұхбаттасты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.
Темірхан Исаұлы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, нәпақысын тауып отырған ауылда көкөніс сақтайтын қойма салу мен ауылдың ішкі жолдарына жөндеу жүргізу керек екендігін алға тартады.
Айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша алдағы уақыттарда тиісті жұмыстардың жүргізілетінін айтқан үміткерлер тағы бірқатар мәселелер бойынша да құқықтық кеңестер берді. Бұл күн Қазақстан тарихында мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындап, жаңа бағдарламалардың бастау алатын күні. Бұл күнде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарын сайлайтын жауапты сәт. 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
