Перейти к содержимому

Новое

ЭКСПРОМТ: “НҰР-ҒАЛЫМ” СУПЕРМАРКЕТІ

Бүгін сенімді өкілдерім “Нұр-Ғалым” супермаркетіне жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар бірқатар сұрақтар қойып белсенділік танытқан.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

ЭКСПРОМТ: “ЖАЙЫҚ” БАЗАРЫ

Сенімді өкілдерім бүгін “Жайық” базарында да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты. Тұрғындарға “Nur Otan” партиясының басты бағдарламаларын түсіндіріп, сайлауға қатысуға шақырды. Саяси белсенді болудың маңызы айтылды. Саудагерлер сайлаудың сәтті өтуіне тілектестіктерін білдіріпті.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

Мастер-класс: Новогодняя игрушка Дед Мороз

Доброго времени суток! Сегодня наш мастер-класс всё ещё посвящён новому году! Прекрасная Анастасия научит всех желающих делать ёлочные игрушки, или просто игрушки из фетра. Они могут прекрасно украсить как ёлку, так и стены, или окна, все зависит от вашей фантазии. Итак, для работы нам понадобится фетр разного цвета (в нашем случае цвета Деда Мороза))). Ножницы, ручка, горячий пистолет, шаблон фигурки Деда Мороза или Санты, и желание творить! Удачи!

0
0
296

МҰНАЙЛЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін насихат жұмыстарының соңғы күні. Біздің жұмысымыз Мұнайлы ауданынан басталды. Мәжіліс депутаттығына үміткер Оспан Қазақбаевпен, облыстық мәслихатқа, аудандық мәслихатқа үміткерлермен бірге ауданның ардагерлерімен кездестік. Ақсақалдарды партия бағдарламасымен таныстырып, Мұнайлы ауданына қатысты нақты бағдарлар туралы айттық. Ардагерлердің бәрі де көзі ашық, газет пен теледидардан, интернеттен ел хабарын, қоғам жайын бес саусақтай біліп отырған жандар ғой. Ағаларымыз, әсіресе, ел президенті Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласына қатысты көптеген жақсы ой, тұшымды пікірлер айтты. "Осы мақала біздің үмітімізді ерекше маздатты. Президенттің тіл жөнінде, жер жөнінде, шекара мәселесінде айтқандар әр қазақстандыққа жасалған үндеу іспеттес болды. Ерекше қуандық, Президенттің мұн…

ЭКСПРОМТ: “ОЛЖА” САУДА ОРТАЛЫҒЫ

Бүгін сенімді өкілдерім Ақтау қаласындағы “Олжа” сауда орталығына жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Саудагерлер өздерін толғандырған бірқатар мәселелерге тоқталыпты. Үгіт-насихат жұмыстарына риза екенін айтып, жеңіс тілеп жатқандар да бар. Алғысымызды айтып, сайлауға қатысуға шақырдық,- дейді сенімді өкілдерім.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
126

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жастық жігер, жарқын үміт!

Бүгін Мұнайлы ауданының жастар орталығында бір топ жастармен кездестім. Мұнайлыда 18 бен 29 жас аралығында 42 000 адам бар екен. Мұнайлы - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш ашылған өзі де ең жас аудан. "Қараңғылықтың кегіне, өрмелеп шығып күн болам" деген Сұлтанмахмұт ақынның мінезін әр жастың жанары үнсіз ұқтырып тұрды. Білім мен еңбекке құштарлық талаптарын көргенде өзің де қанаттанып қалады екенсің. Ең бастысы жұмыссыз қалмасақ, өмірден өз орнымызды тапсақ, бәріміз де" бір кірпіш болып қалансақ" деген үмітті көрдім. Жастар орталығындағы жиында жүздескен жастардың бәрі де елдің ертеңіне сенетіндіктерін айтып, "Nur Otan" партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

ТЕМІРЖОЛ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Мұнайлыдағы жұмысымызды канвассингпен жалғастырдық. Бірінші шаңырақтың иесі Қызылғұлов Сағынжан ағамыз екен. Байырғы теміржолшы. Бар қайратты кезі болат жолдың бойында өткен ағамыз көпшіл кісі екен. Есік алдынан күтіп ап төріне шығарды, әңгіме бастап, келісті кеңес құрды. "Ел күйлі. Мен теміржолдың жағдайына қарап бағаласам да қателеспеймін, жұрттың жағдайы көп жақсарды. Үкіметке рахмет, партияға алғыс. Қай жерге көмек керек болса, сол жерден табылатын қарлығаш та осы “Nur Otan” ғой. Бар нәрсені бар деу керек қой" деді ағамыз. "Бәрі бар. Не сұраймын мен Үкіметтен? Нан бар, қант бар, ет бар. Мына вирус деген пәледен құтылып кетсек тіпті уайым болмас еді" деп ағынан жарылған ағамызға алғысымызды айтып, сапарымызды жалғадық. “Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз”.#NurOtan#СаматМусабаев#Б…

0
0
115

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Партия азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайтынын атап өтті. Бұл бағытта қаланы дамыту және абаттандыру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жалғасатын болады.

0
0
137

Канвассинг

Келесі маңдай тіреген үйіміздің иесі Жамбыл Нұрбаев Маңғыстау облысының шырақшылар қауымдастығының төрағасы екен.

"Сайлауға барамыз, “Nur Otan” партиясына дауыс береміз. Өзім тікелей барып көргем жоқ, бірақ, арнайылап барып, партия көмектескен адамдарды білемін. Тарыққан жандарға қол ұшын беретін ұйым ретінде разымын партияңа" деді ағамыз.

Сөз арасында бір өтінішін де айтып қалды Жамбыл ағамыз. "Бердібек ата" қорымына 64 Га жер бөлініпті. Енді сол қорымға баратын жол салынса құба-құп болар еді деп тілегін білдірді.

Ағаның орынды тілегін тиісті орындарға жеткізуге уәде еттім. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты және өңірлік сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. 2021-2025 жылдары атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Өңір мен қаланы дамыту бағдарламасының міндеттері мен мақсаттары, басты басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып, мұнайшылардың сұрақтарына жауап берді. Таза ауа, сапалы ауыз-су, жол, туризм дамыту, өндірісті ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар айтылды.

0
0
123