МҰНАЙЛЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін насихат жұмыстарының соңғы күні. Біздің жұмысымыз Мұнайлы ауданынан басталды. Мәжіліс депутаттығына үміткер Оспан Қазақбаевпен, облыстық мәслихатқа, аудандық мәслихатқа үміткерлермен бірге ауданның ардагерлерімен кездестік.
Ақсақалдарды партия бағдарламасымен таныстырып, Мұнайлы ауданына қатысты нақты бағдарлар туралы айттық.
Ардагерлердің бәрі де көзі ашық, газет пен теледидардан, интернеттен ел хабарын, қоғам жайын бес саусақтай біліп отырған жандар ғой. Ағаларымыз, әсіресе, ел президенті Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласына қатысты көптеген жақсы ой, тұшымды пікірлер айтты.
"Осы мақала біздің үмітімізді ерекше маздатты. Президенттің тіл жөнінде, жер жөнінде, шекара мәселесінде айтқандар әр қазақстандыққа жасалған үндеу іспеттес болды. Ерекше қуандық, Президенттің мұндай сөздерінен соң Нұр Отанға дауыс беруге міндеттіміз" деді ақсақалдарымыз.
Ағалардың кеңесі мен ақылын тыңдап, баталарын алып, кездесуден қанаттанып шықтым!
Үлкендеріміз ауырмасын, аман болсын! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
