ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.ЗИЯТКЕР, САЛАМАТТЫ ЖӘНЕ ЫЖДАҒАТТЫ ҰЛТ
📷 БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТБіз спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймыз. Дене шынықтыру еліміздің әрбір азаматының өмір салтының ажырамас бөлігіне айналуы керек.Бұрын кәсіби спорт клубтарына бағытталатын қаражат бұдан былай халықты, бірінші кезекте балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарланатын болады.Мұғалімдердің еңбекақысы 2023 жылға қарай 2 есе өседі. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және жүргізгені үшін негізгі базалық лауазымдық жалақысынан 100% мөлшерінде қосымша ақы қосылады.Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы ашылады.Жасөспірімдер мен жеткіншектер клубының саны барлық тірек ауылдарды қамти отыра, 1000-ға дейін ұлғайтылады.Барлық спорт кешендерінде ерекше қажетті…