Канвассинг-кездесу
Бөрлі ауылының құрметті азаматы Букенбаев Саин Ғабдулғалиұлы мен Любовь Михайловнаның отбасында болдым. Саин Ғабдулғалиұлы “40 лет Октября “, “ Бөрліастық” жшс- да 50 жылдан артық қызмет жасады. Ол қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерін атқарды. Бөрлі ауылының өркендеуіне өз үлесін қосты. Өз басына түскен қиындықтарға, ыстық суығына шыдап, зейнеткерлікке шықты. Осы күнге дейін Бөрлі ауылының қоғамдық өміріне араласып, жастарға тәрбиесін беруде. Әртүрлі медаль мен марапаттарға ие. Ел ағасы десе осындай азамат Саин Ғабдулғалиұлындай болсын. Ардагер ағамызбен ауданымыздың, ауылымыздың әлеуметтік, экономиялық жағдайын әңгімелеп, Нұротан партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін сайлау күні келіп дауыс беруін сұрадық.
