Перейти к содержимому

Новое

Жастармен кездесу

Қоғамның қозғаушы күші деп саналған жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағытта жан-жақты қолдау мен демеу жеткілікті.Бүгінде оларға тиесілі түрлі нұсқада бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асуда. Жастар тарапынан қандай да бір тың тақырыптағы жобалар мен идеялар болса, оны жүзеге асыру үшін түрлі бастамаларға да басымдық берілуде.Мұнайлы ауданындағы жастармен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында - Елбасымыз еліміздің болашағы – жастардың қолында екендігі баса айтылды.Жиынға жиналған жастар жұмыссыздықты алдын алу мақсатында өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.Айта кетсем, бүгінде жастар арасында түрлі мәселелердің алдын алуға қатысты «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары жемісті жүйесін беріп келеді.#B…

0
0
125

КАНВАССИНГ

"Nur Otan" партиясы сайлауалды үгіт-насихат шаралары аясында дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісінің иегері, "Мейірбике" медициналық колледжінің директоры Сағымбаев Әлімжан Үсенұлымен кездесіп, денсаулық сақтау саласының бүгінгі ахуалы туралы әңгіме еттік.

Әрине, кем тұстары да бар. Дегенмен, ілгерілеу де жоқ емес. Ендігі жерде, "Nur Otan" партиясының тарапынан да бұл салаға деген бақылау кішейтілетін болады. Алдағы уақытта, жергілікті деңгейдегі мәселелерді уақытылы шешіп отыру үшін жаңа форматтағы қадамдар жасалады деп күтеміз.

Nur Otan Aktau

0
0
132

Канвассинг

Мұнайлы ауданымыздың беделді азаматтарының үйлеріне барып кездесу өткіздік. ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мұсабаевпен бірге ұзақ жылдар бойы теміржол саласында қызмет еткен Қызылғұлов Сағынжан ақсақалдың шаңырағына арнайы барып канвассинг кездесу өткіздік.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздегі беделді “Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдық.

Қариямыз өз тарапынан алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

ЭКСПРОМТ: “НҰР-ҒАЛЫМ” СУПЕРМАРКЕТІ

Бүгін сенімді өкілдерім “Нұр-Ғалым” супермаркетіне жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар бірқатар сұрақтар қойып белсенділік танытқан.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
104