Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг

Мұнайлы ауданымыздың беделді азаматтарының үйлеріне барып кездесу өткіздік. ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мұсабаевпен бірге ұзақ жылдар бойы теміржол саласында қызмет еткен Қызылғұлов Сағынжан ақсақалдың шаңырағына арнайы барып канвассинг кездесу өткіздік.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздегі беделді “Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдық.

Қариямыз өз тарапынан алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

Еще по теме

Канвассинг - Yvision.kz