САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат науқанының соңғы күні. Үгіт-насихат жұмыстары 11 желтоқсан күні өз бастауын алған болатын. Осы уақыт аралығында "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қалалық филиалы қала бойынша түрлі акциялар мен кездесулерді ұйымдастырып, халықпен бетпе-бет кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Осыған орай бүгін партия филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабы мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.Брифингте партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов үгіт-насихат кезеңі аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады.Үгіт насихат кезеңінде өткізілген шараларды атап айтар болсақ: "Есіктен есікке" акциясы 62 мәрте, "Канвассинг" акциясы 40 мәрте, сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында 75 тікелей эфир өтіп, "Үміткерге сұрақ қ…