Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат науқанының соңғы күні. Үгіт-насихат жұмыстары 11 желтоқсан күні өз бастауын алған болатын. Осы уақыт аралығында "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қалалық филиалы қала бойынша түрлі акциялар мен кездесулерді ұйымдастырып, халықпен бетпе-бет кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Осыған орай бүгін партия филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабы мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов үгіт-насихат кезеңі аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Үгіт насихат кезеңінде өткізілген шараларды атап айтар болсақ: "Есіктен есікке" акциясы 62 мәрте, "Канвассинг" акциясы 40 мәрте, сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында 75 тікелей эфир өтіп, "Үміткерге сұрақ қой" жобасы 49 рет ұйымдастырылды. Одан бөлек, үгіт-насихат кездесулері 50 рет өткізіліп, оның 6-уы онлайн форматта және 40 экпромт кездесу ұйымдастырылды.

Құрметті сайлаушылар!

Бірер күннен соң тарих құшағына енетін маңызды күнді қарсы аламыз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз мемлекетіміз үшін аса маңызды!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"

NurOtan-ғадауысбер

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
119

Еще по теме

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ - Yvision.kz