АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтардан бірқатар талап-тілектер келіп түсті. Тұрғындар Шағын мөлтек аудандардағы балалар ойын алаңшаларын жаңарту, жастарды үймен қамтамасыз етуге жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, үй кезегіне тұру, қоғамдық көлікті көбейту, кей тұрғын алабтардағы ауыз су мәселесін шешу жайлы сауалдарын жолдады.Мұратәлі Оразәліұлы ұсыныстар мен өтіншітерді тыңдап, оның партияның 5 жылдық бағдарлама аясында шешімін табатынын жеткізіп, әр сұрақ жолдаушыға жеке-жеке жауап берді. Атап айтқанда, Еңбекші ауданы әкімдігінің жұмыс жоспарына сәйкес, ойын алаңшаларына жөндеу жұмыстары кезекпен жүргізіледі. 2011 жылы жаңартылған аулалар 2021 жылы жөндеу жоспарда бар. Ал 2013 жылы жөнделген аулалар 2022-2023 жылғы жоспарда. Өткен жылы 273 үйдің ауласы жөндеуден өткен болатын. Сайр…


