Перейти к содержимому

Новое

ДЕШТІ--ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАРАУЫЛ МҰНАРАСЫ

Түркістан облысы Созақ ауданындағы орта ғасыр ескерткіші - Ақсүмбе мұнарасының  биік қыр басында, жел өтінде тұрғанына алты ғасырдан асты. "Зафарнамеде" Әмір Темір Көрегеннің 1389-1390 жылдардағы Тоқтамыс ханға қарсы жорықтарын бақылап отыру үшін  салынған Қарауыл мұнарасы ретінде айтылады.  Яғни ішіне от жағып жаудан хабар беретін  әскери-қорғаныс маягы болған. Ақсақ Темір осы жерде шатыр тігіп түнеген. Қаратау сілемдерінің Бетпақдаламен түйісетін  тұсында орналасқан осы ескерткішті 2019 жылы күзде барып көргенімде (бірінші сурет) мүжіліп құлауға айналғандай көрінген. Кезінде биіктігі 25 метр, ені 18 метр болған мұнараның мен көргендегі  биіктігі  11 метрдей, ені 8 метрдей еді. Былтыр "Қазжөндеу" мемлекеттік мекемесі Сауран топырағынан құйылған қам кесекпен (екінші сурет) сыртынан қоршауды қызу қолға алып еді, міне, биыл бітіріп те қалыпты. Бәрекелді! Автор: Төреғали Тәшенов

0
0
134

ЖОМАРТ ЖАНДА ЖЫЛУ БАР

Жомарт жүректі, ізгі ниетті  Созақ аудандық мәслихатының депутаты , жеке кәсіпкер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы өзінің тұрғылықты жері Шолаққорған ауылының жәй жапсарын , тұрмыс тіршілігін  көзбен көріп сырына қанық болып өскен азаматтардың қатарынан екендігі ауданға мәлім.

Жамандықты көп қуған,

Бір бәлеге жолығар.

Жақсылықты көп қуған,

Бақ дәулетке молығар демекші

2021 жылдың 27 қаңтар күні Созақ ауданының мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы қолдағы барын өз жерлестерімен бөлісті.

Атап айта кететін болсақ Шолаққорған ауылының аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, асыраушысы жоқ отбасыларға  бойларын жылытып , жүректерін жібіту мақсатында Қазақстанның жер қазба байлықтарының бірі болатын қара алтыннан (қатты отын)  яғни (көмір) ден (50) елу отбасына (1) бір тоннадан үлестіріп беруді мақсат етті, қазіргі таңда (16) он алты отбасының тұрғылықты мекен жайына жеткізіліп берілді, алдағы уақытта (34) отыз төрт отбасына жеткізіліп берілетін болады.

Отбасыларға қатты отынды үлестіріп таратып беруге әдеттегідей Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған Value волонтёрлар ұйымының жастарыда көмек қолдарын созып қатты отын жеткізілген отбасылардың қақпа алдындағы қарларын аршып жүк көлігінің ішке кіруіне жағдай жасасты.

Сондайақ қатты отын жеткізілген үй иелері Бағлан мырзаға және ауданның ерікті жастарына алғыстарын айтып баталарын берді.

#ЖекеКәсіпкер

#Ерікті

#ЖомартЖүрек

#value

#sozaq_jastary

#еріктілер

#Бағлан_Сүгірбаев

0
0
173

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2021 жылдың 10-қаңтарында ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтіп, онда Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін “Nur Otan” партиясы басым дауыспен жеңіске жеткені белгілі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше.

Саяси науқан кезеңінде партиямыздың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтар бүгін “Nur Otan” партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» аудандық сайлауалды штабының басшысы Мамырбек Қалелов марапаттап, отбасыларына зор денсаулық, амандық, бақ-береке, қызметтеріне табыстар тіледі.

0
0
148

Председатель Айыртауского РФ партии «Nur Otan» Дархан Амрин провел торжественный прием в партию.

«Nur Otan» партиясының Айыртау аудандық филиалының төрағасы Дархан Әмрин саланатты түрде партияға қабылдау өткізді.

Председатель Айыртауского районного филиала партии «Nur Otan» Дархан Амрин провел торжественный прием в партию.

0
0
192